$ 441.89 € 502.56 ₽ 5.19
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Жаңбыр, жел және үсік: 25 қыркүйекте Қазақстанда күн райы қандай болады

Абдрахманов Мағжан
25 қыркүйек 2026, 08:45
Жаңбыр, жел және үсік: 25 қыркүйекте Қазақстанда күн райы қандай болады Сурет авторы: Shutterstock

25 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Солтүстік өңірлерде үсік жүруі мүмкін, деп хабарлады Қазгидромет. 

Астанада түнде +7…+9, күндіз +13…+15 градус болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз секундына 15–20 метрге жетеді. 

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +12…+14, күндіз +23…+25 градус. Жел секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. 

Шымкентте де жауын-шашын болмайды. Түнде +12…+14, күндіз +25…+27 градус болады. 

Солтүстікте күн салқындайды. Күндіз ауа температурасы негізінен +10…+17 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде жаңбыр жауып, түнде және таңертең тұман түседі. 25–26 қыркүйекте жекелеген аудандарда 1–2 градус үсік жүруі мүмкін. 

Оңтүстікте күн жылы болады. Күндіз ауа температурасы +20…+25 градус шамасында сақталады, кей өңірлерде бұдан да жоғары болуы мүмкін. Қызылорда облысында күндіз +25…+30 градусқа дейін жылып, кей жерлерде шаңды дауыл болжанады. 

Орталықта ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Елдің басым бөлігіндегідей, атмосфералық ауа ағындарының әсерінен кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін. 

Шығыста да температура күрт өзгермейді. Абай облысында түнде +2…+7, оңтүстігінде +10 градус, күндіз негізінен +15…+20 градус болады. Оңтүстік және шығыс аудандарында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. 

Батыста күндіз ауа температурасы +20…+28 градус шамасында болады. Қазақстанның өзге бөліктері сияқты мұнда да алдағы күндері температура төмендейді. 

Соңғы жаңалықтар