$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Макаомен визасыз режим:қазақстандықтар үшін "азиялық Лас-Вегас" 24 қазаннан бастап қолжетімді болады

Редакция
23 қазан 2024 03:27 3668
Макаомен визасыз режим:қазақстандықтар үшін "азиялық Лас-Вегас" 24 қазаннан бастап қолжетімді болады

Қазақстан мен Макао билігі өзара визасыз режим туралы келісті. Ол 24 қазаннан бастап жұмыс істей бастайды. Travel And Tour World жазғандай, Қазақстан азаматтары енді Макаоға екі аптаға дейінгі мерзімге виза ресімдемей-ақ бара алады. Осыған ұқсас режим Қазақстандағы Макао тұрғындары үшін де қолданылатын болады.

"Қазақстан азаматтары енді виза рәсімдемей-ақ 14 күн бойы Макаоның қалалық өмірінен ләззат ала алады. Дегенмен, ұзағырақ болуды жоспарлағандар — оқу, жұмыс немесе басқа мақсаттар үшін — кетер алдында әлі де стандартты визалық процедуралардан өтуі керек", - деп ескертеді TTW.

Визасыз режим Қазақстан мен Макао арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ екі тараптың "паспорттарының күшін" арттыруға көмектесуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар