$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қырғызстанда үшінші сынып оқушылары бірден бесінші сыныпқа өтетін болды

Редакция
01 қараша 2024 09:53 4297
Қырғызстанда үшінші сынып оқушылары бірден бесінші сыныпқа өтетін болды Сурет авторы: kaktus.media

Келесі оқу жылында Қырғызстанда үшінші сынып оқушылары бірден бесінші сыныпқа, ал алтыншы сынып оқушылары сегізінші сыныпқа көшеді, деп хабарлады 24.kg. Бұл өзгеріс Қырғызстанның 12 жылдық мектеп бағдарламасына өтуімен байланысты.

Қырғызстанның Білім министрлігі балалардың мектепке алты жастан бастап баратынын, ал қазіргі нөлінші сыныптың бірінші сынып болып есептелетінін атап өтті. Ұстаздарды "12 жылдыққа" бейімдеу жұмыстары басталды. 12 жылдық мектепті бітірген түлектер алғашқы аттестаттарын 2027/28 оқу жылында алады.

Айта кетейік, оқушылар тек бір рет екі сыныпты "секіріп" өтеді. 2026/27 оқу жылында үшінші, алтыншы және тоғызыншы сынып оқушылары, ал 2027/28 оқу жылында да осындай сыныптар екі сыныпқа жоғары көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар