$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Қырғызстанда мұсылмандарға зират басына көктас қоюға тыйым салынды

Редакция
15 қазан 2024 04:08 2006
Қырғызстанда мұсылмандарға зират басына көктас қоюға тыйым салынды Сурет авторы: islam.kz

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Жерлеу және жерлеу ісі туралы" заңды жүзеге асыру шаралары туралы Жарлыққа қол қойды. Осы жарлыққа сәйкес, мұсылман зираттарында тастан, граниттен немесе мәрмәрдан жасалған ескерткіштер, мүсіндер және қоршаулар қоюға тыйым салынды. Енді зират басындағы ескерткіштер ағаштан жасалып, биіктігі 0,7 метрден аспауы тиіс.

Бұл шара қоғамдағы рухани-мәдени құндылықтарды қорғау, жерлеу рәсімдерін реттеу және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Сонымен қатар жерлеу рәсіміндегі шығынды азайтуға және дінге сай қарапайымдылықты ұстануға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар