$ 502.57 € 591.68 ₽ 6.42

Қожа рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаев дүниеден өтті

Дулат Абдраманов
26 желтоқсан 2025, 23:45
Қожа рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаев дүниеден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Нұрлан Сегізбаев дүниеден өтті. Ол Абдолла Қарсақбаевтың әйгілі «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлі арқылы көрерменге кеңінен танылған.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ барша қазақстандықтарға көңіл айтты. Ведомство Нұрлан Санжарұлын қазақ кино өнеріндегі дара тұлға, ұлттық мәдениетке өлшеусіз үлес қосқан өнер иесі ретінде атап өтті.

Соңғы жылдары актер өкпенің созылмалы обструктивті ауруының (ХОБЛ) 4-дәрежесімен күрескен. Нұрлан Сегізбаевтың жарқын бейнесі мен шығармашылық мұрасы халық жадында сақталады.

Соңғы жаңалықтар