Кітап оқу мәдениетін қалай дамытуға болады? Сарапшылар пікір алмасты
Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, 2026 жылғы 16 мамырда қабылданған Президент Жарлығында белгіленген міндеттерді іске асыруға арналған маңызды пікірталас алаңдарының біріне айналды.
Кездесуді Қазақстандық қоғамдық даму институты Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жұлдызай Искакова ашты. Ол оқу мәдениетін дамыту мен оқитын ұлт қалыптастыру Мемлекет басшысы қол қойған Жарлықтың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының, кітапханалардың, баспалардың және азаматтық қоғам өкілдерінің күш-жігерін біріктіру қажет. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтардың тек 46,8 пайызы кітапты негізгі білім көзі ретінде қарастырады. Сонымен қатар азаматтардың жартысынан астамы соңғы бір жыл ішінде бірде-бір кітап оқымаған.

Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары Азамат Байғалиев Президент Жарлығын іске асыру кітапхана ісін жаңғыртудан бастап, отандық баспа ісі мен авторларды қолдауға, әдебиеттің қолжетімділігін арттыруға және түрлі жас санаттары арасында кітап оқуды насихаттауға дейінгі кең ауқымды міндеттерді қамтитынын айтты.
Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мирзахметов Жарлықта көзделген нақты шаралар туралы баяндады. Оның айтуынша, кітапхана саласындағы заңнаманы жетілдіру, кітапханаларды жаңғырту, баспа нарығын қолдау және отандық әдебиеттің кеңінен таралуына жағдай жасау негізгі бағыттардың қатарында.
Кездесу барысында қатысушылар кітапқа қызығушылықты арттыру үшін оқырмандардың басын қосатын орта қалыптастыру қажеттігін айтты. Олардың сөзінше, қазіргі таңда кітап оқу тек білім алу құралы емес, пікір алмасу мен тәжірибе бөлісудің тиімді алаңына айналып келеді.
«Кітап оқуды бастау ешқашан кеш емес»: Мадина Садвокасованың тәжірибесі
Кездесудің негізгі спикерлерінің бірі – халықаралық «Жалқау оқырмандар» кітап клубы мен «Жазушылар цехы» жобасының негізін қалаушы Мадина Садвокасова болды. Ол оқырман қауымдастығын дамытудағы тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстандағы кітап бастамаларын жүзеге асыру барысында кездесетін қиындықтар туралы айтты.
Мадина Садвокасованың сөзінше, кітап клубын құрудағы алғашқы қиындықтардың бірі тұрақты қаржыландыру мәселесі болған.

«Қаржыландыру табу өте қиын болатынын бірден түсіндім. Сондықтан біз абонементтік жүйені енгіздік. Қатысушылар ай сайын мүшелік жарна төлейді. Сол қаражат кураторлардың еңбекақысын төлеуге, кітаптар сатып алуға, іс-шаралар өткізуге және жобаларды дамытуға жұмсалады», – деді ол.
Алайда оның айтуынша, ең үлкен сынақ қаржы емес, ересек адамдарды кітап оқуға тарту болған.
«Мен бастапқыда ересектерге арналған кітап клубын құрғым келді. Ең қиыны – бұрын кітап оқымаған немесе көптен бері кітап ашпаған адамға кітап оқуды бастауға ешқашан кеш емес екенін түсіндіру. Кез келген адам бірден тұрақты оқу дағдысын қалыптастыра алмайды», – деді Мадина Садвокасова.
Ол клубта әр адамның пікіріне құрметпен қарайтын орта қалыптастыруға ерекше мән берілетінін айтты.
«Егер адам кітапты соңына дейін оқымаса – бұл қалыпты жағдай. Ең бастысы, неге оқып бітірмегенін айтып беру. Егер кітап ұнамаса, оны да ашық айтуға болады. Біз үшін әр қатысушының өз ойын еркін жеткізуі маңызды», – деді ол.
Мадина Садвокасова отандық авторларды қолдау мәселесіне де тоқталды. Оның пікірінше, қазіргі қазақстандық жазушылардың шығармалары оқырманға жеткілікті деңгейде ұсынылмай отыр.
«Кітап сөрелерінде көбіне жалғыз Абайдың еңбектерін көреміз. Ал қазіргі қазақстандық авторлардың көпшілігі кең аудиторияға әлі де таныс емес. Біз өз жазушыларымызды көбірек насихаттауымыз керек», – деді ол.
Кітап клубында авторларды қолдауға бағытталған арнайы бағдарлама жұмыс істейді. Оның аясында жазушылар өз шығармаларын тәжірибелі оқырмандардан құралған фокус-топқа ұсынып, жан-жақты пікір мен ұсыныстар ала алады.
Сонымен қатар 2023 жылы «Жазушылар цехы» жобасы іске қосылған. Бұл жоба шығармашылыққа қызығатын адамдарға әңгіме мен кітап жазудың қыр-сырын үйретуге бағытталған.
«Біз адамдарға жазуды бастауға көмектесеміз, тәжірибемізбен бөлісеміз және өз шығармаларын жариялауға әлі батылы жетпей жүрген таланттарды қолдаймыз. Әдебиетке жаңадан келген авторларға демеу көрсету өте маңызды», – деді Садвокасова.
Өзінің негізгі мамандығы туралы айта келе, ол алты жылдан бері аграрлық саладағы жұмысын әдеби жобалармен қатар алып жүргенін жеткізді.
«Агрономия – менің негізгі мамандығым және оны тастау жоспаымда жоқ. Ал кітап пен әдебиет саласы – жан қалауымнан туған іс. Менің мақсатым – адамдарды көбірек кітап оқуға ынталандыру және жаңа авторларды қолдау», – деді ол.
Мадина Садвокасованың пікірінше, оқитын ұлт қалыптастыру үшін алдымен ересектердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру қажет.

Кітап клубтары оқу мәдениетін дамытудың маңызды құралына айналуда
Пікірталас барысында сарапшылар кітап клубтарының әдебиетті насихаттаудағы рөлін ерекше атап өтті. Қазіргі оқырман тек кітап оқуды ғана емес, оны талқылауды, пікір алмасуды және ортақ қызығушылықтағы адамдармен байланыс орнатуды қалайды.
Балаларға арналған кітап жобасының негізін қалаушы Айжан Киманова өз тәжірибесімен бөлісіп, мұндай бастамаларды дамытуға қаржылық қиындықтар кедергі келтіретінін айтты.
Ол сондай-ақ мектептерде оқу мәдениетін жүйелі түрде қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Мысал ретінде Британдық мектептің күнделікті оқу тәжірибесін келтірді.
Сонымен қатар сарапшылар отандық баспаларды қолдау, әдеби журналдардың санын көбейту, сапалы аудармаларды дамыту және қазақстандық авторларды халықаралық деңгейде таныту қажеттігін айтты.
Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар Президент Жарлығында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді. Сарапшылар ұсынған бастамалар алдағы уақытта оқу мәдениетін дамытуға және Қазақстанда оқитын ұлт қалыптастыруға бағытталған жаңа жобалардың негізіне айналуы мүмкін.
Шұғыла Жарылқасын
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын