$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Қазақстан мен Өзбекстан жаңа әуе дәлізін ашты

Редакция
22 шілде 2024 04:14 1414
Қазақстан мен Өзбекстан жаңа әуе дәлізін ашты Сурет авторы: Николай Гынгазов / Global Look Press

Қазақстан мен Өзбекстан әуе кеңістігі арқылы өтетін жаңа Т916 бағыты ашылды. Бұл Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасын жалғайтын қосымша бағыттардың бірі.

Бұл бағыт ашылғалы Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға 19 рейс орындалды.

Жаңа бағытпен Lufthansa Cargo (Германия), Cargolux (Люксенбург), Cargolux Italy (Италия), Nomad aviation (Швейцария), Western Global Airlines (США), Aerologic Cargo Airlines (Германия) сияқты авиакомпаниялар рейс орындап жатыр.

Т916 әуе кеңістігі трассасының жалпы ұзындығы 2187 шақырым, оның ішінде борттар 437 шақырым Өзбекстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланса, қалған 1750 шақырым Қазақстан Республикасының аумағының үстімен өтеді.

Бұл бағыт Халықаралық азаматтық авиация ұйымының таңдаулы бағыттарының каталогына енгізілді.

«Қазаэронавигация» РМК мамандарының айтуынша, жаңа әуе дәлізі шетелдік авиакомпаниялар үшін Қазақстан әуе кеңістігінің тартымдылығын арттырады, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан әуе қозғалысына қызмет көрсету өңірлік орталығының авиадиспетчерлеріне түсетін ауыртпалықты азайтуға көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар