$ 448.44 € 514.81 ₽ 5.33

Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясын шақырды

Абдрахманов Мағжан
22 қыркүйек 2026, 14:19
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясын шақырды Сурет авторы: Ақорда

Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы 23–24 қыркүйекте Астанада өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңестің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығына алғашқы сессияны өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Өкім 22 қыркүйекте жарияланды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекіткен еді. Кеңеске 126 адам кірді. Олардың арасында қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестер мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғалымдар, журналистер, спорт және мәдениет саласының өкілдері бар.

Соңғы жаңалықтар