$ 448.44 € 514.81 ₽ 5.33

ММА-дан тағы бір алтын: Қадырбек Шынбаев Азия ойындарында топ жарды

Абдрахманов Мағжан
22 қыркүйек 2026, 14:38
ММА-дан тағы бір алтын: Қадырбек Шынбаев Азия ойындарында топ жарды Сурет авторы: Спорт министрлігі

22 жастағы қазақстандық Қадырбек Шынбаев Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында аралас жекпе-жектен алтын медаль жеңіп алды. Ол Қазақстан құрамасына осы спорт түрінен Азиададағы екінші алтынды әкелді.

Шынбаев аралас жекпе-жектің заманауи стилінде 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Аралас жекпе-жек биыл жазғы Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Бұған дейін Қазақстан құрамасынан Еркінғали Бүркіталин дәстүрлі стильде 77 келіге дейінгі салмақта чемпион атанған еді. Осылайша, қазақстандық спортшылар Азиададағы ММА жарысында әзірге екі алтын иеленді.

Қадырбек Шынбаев биыл құрлық біріншілігінде де жеңіске жеткен. 2026 жылдың қаңтарында ол ересектер арасында аралас жекпе-жектен Азия чемпионы атанды.

Құрлық біріншілігінде қазақстандық спортшы Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдерін жеңген.

Осылайша, 22 жастағы Шынбаев бір жылдың ішінде екі ірі құрлықтық жарыста топ жарып, Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Соңғы жаңалықтар