$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Испаниядағы су тасқынынан 90-нан астам адам қаза тапты

Редакция
31 қазан 2024 02:04 4772
Испаниядағы су тасқынынан 90-нан астам адам қаза тапты

Испанияның шығысы мен оңтүстігінде болған ауыр су тасқыны 90-нан астам адамның өмірін қиды. Euronews мәліметінше, апатты жағдайдан өлім саны артуы ықтимал. Осы жағдайға байланысты Испания билігі үш күндік аза тұту жариялады.

Қатты жауын салдарынан жолдар су астында қалып, көпірлер мен көліктерді су шайып кеткен. Валенсия мен Мадрид арасындағы теміржол байланысы үзілген. Малага маңында 300 жолаушысы бар жүрдек пойыз рельстен шығып кеткенімен, бақытқа орай ешкім зардап шекпеген.

Құтқарушылар адамдарды эвакуациялау үшін қайықтар мен тікұшақтарды пайдаланып, жедел қызметтерге көмекке әскери күштерді жұмылдырды. Метеорологтардың болжауынша, нөсер жаңбыр 31 қазанға дейін жалғасуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар