$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Испаниядағы су тасқыны: 158 адам қаза тауып, үш күн қаралы күн жарияланды

Редакция
01 қараша 2024 04:20 2769
Испаниядағы су тасқыны: 158 адам қаза тауып, үш күн қаралы күн жарияланды Сурет авторы: RFI

Испанияның Валенсия провинциясында су тасқыны салдарынан қаза болғандар саны 158 адамға жетті. Жағдайды қатты қиындатқан дауылды жаңбырлар бірнеше күн бойы жалғасып, айтарлықтай аймақтарды су басып қалды. Тек Валенсияда 155 адам қаза болып, шамамен 75 мың адам жарықсыз қалған. Тұрғын үйлер, жолдар мен көлік қатынастары қатты зардап шекті. 

Іздеу-құтқару қызметтері әлі де із-түзсіз кеткендерді іздестіруде, және ел үкіметі апат құрбандарын еске алу үшін үш күндік қаралы күн жариялады.

Соңғы жаңалықтар