$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Иранда президент сайлауы басталды

Редакция
28 маусым 2024 02:40 1185
Иранда президент сайлауы басталды Сурет авторы: Fotolia / Borna_Mir

Иран Ислам Республикасында экс-президент Ибрахим Раиси қайтыс болғанына байланысты, 28 маусымда жаңа президент сайлауы басталды. 

Маусым айының басында 6 үміткердің кандидатурасы мақұлданған болатын, олардың арасында бес консерватор, бір реформатор бар.

Президент лауазымына үміткерлердің кейбіреуі сайлау басталмай жатып райынан қайтып, үміткерліктен бас тартты. Олардың кандидатурасы алынып тасталды. 

Естеріңізге сала кетейік, 19 мамырда Иран президенті Ибрахим Раиси ұшақ апатынан қаза тапқан болатын.

Дулат Абдраманов

Соңғы жаңалықтар