$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Иранда 48 адам ішімдік ішіп қаза тапты

Редакция
15 қазан 2024, 03:26
Иранда 48 адам ішімдік ішіп қаза тапты Сурет авторы: Abdolhossein Rezvani / FARS NEWS / AFP

Иранда 48 адам құрамында метил спирті бар жалған алкогольден уланып қайтыс болды. Бұл туралы Haberler хабарлады.

Мазандаран, Гилан, Хамадан және Занджан провинцияларында жүздеген адам ауыр уланып, ауруханаға жатқызылған.

Жергілікті биліктің мәліметінше, Мазандаранда 21 адам, Гиланда 15 адам, Хамаданда 11 адам және Занджанда бір адам қаза тапқан. Зардап шеккендердің кейбірі көру қабілетінен айырылған.

Жергілікті билік жалған алкоголь өнімін өндірумен және сатумен айналысқан бірнеше адамды ұстады. Қолданылған шараларға қарамастан, қайғылы оқиғаның ауқымы орасан зор болып шықты.

Соңғы жаңалықтар