$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

ХОК президенттігіне үміткерлер белгілі болды

Редакция
16 қыркүйек 2024 09:59 3436
ХОК президенттігіне үміткерлер белгілі болды Сурет авторы: REUTERS/Denis Balibouse

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенттігіне жеті үміткер ұсынылды.

Бұл орынға төрт халықаралық федерацияның басшылары таласады: британ Себастьян Коу (жеңіл атлетика), жапон Моринари Ватанабе (гимнастика), француз Давид Лапартиан (велоспорт), швед Йохан Элиас (шаңғы және сноуборд).

Үміткерлер қатарында Иорданияның ҰОК басшысы және ХОК атқарушы комитетінің мүшесі, ханзада Фейсал бин Хусейн, ХОК вице-президенті испаниялық Хуан Антонио Самаранч Кіші, Зимбабвелік жүзуден екі дүркін Олимпиада чемпионы және атқарушы комитеттің мүшесі Кирсти Ковентри бар.

Үміткерлер өз бағдарламасын 2025 жылдың қаңтарында Лозаннада (Швейцария) өтетін кездесуге орай ХОК-тың барлық мүшелеріне жабық режимде таныстырады. Үміткерлер ХОК-тың 103 мүшесінің көпшілігінің қолдауын алуы керек.

Томас Бах 2013 жылдан бері ХОК-ты басқарады; оның мерзімі 2025 жылы аяқталады. Оған тағы бір мерзімге қалу ұсынылды, бірақ ол қайта сайланбауды шешті.

 

Соңғы жаңалықтар