$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

«Хезболла» жетекшісі Хасан Нассралла пейжерлер мен рациялардың жарылуына байланысты пікір білдірді

Редакция
20 қыркүйек 2024 06:32 2616
«Хезболла» жетекшісі Хасан Нассралла пейжерлер мен рациялардың жарылуына байланысты пікір білдірді Сурет авторы: Фото: Әлеуметтік желі

Хасан Нассралла оқиғаны «соғыс жариялау», «қызыл сызықтан аттау» деп атап, Израильді айыптады. Ливанда жарылған 4 мың пейжер мен рациядан жазықсыз адамдар мен балалар зардап шеккенін туралы баяндады. 

Естеріңізге сала кетейік, Ливанда «Хезболла» ұйымының пейжерлері мен рациялары жарылып, салдарынан 37 адам қаза болып, үш мыңнан аса тұрғын жараланған болатын. Израиль әзірге ешқандай пікір білдірмеді.

Соңғы жаңалықтар