$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Франция президенті Макронды қызметінен босату туралы қаулыға 81 депутат қол қойды

Редакция
05 қыркүйек 2024 04:31 1889
Франция президенті Макронды қызметінен босату туралы қаулыға 81 депутат қол қойды Сурет авторы: Reuters

Бұл туралы Franceinfo радиосы хабарлады.

Құжатқа «Жаңа халықтық майдан» блогының 81 депутаты қол қойған, оның 72-сі – «Бағынбайтын Франция» партиясының депутаттары. Резолюцияға қол қоюға Макронның блок өкілін елдің премьер-министрі лауазымына тағайындаудан бас тартуы себеп болды. Саясаткерлер Макронның әрекеті демократиялық үдеріске нұқсан келтіреді және Франция конституциясының рухына қайшы келеді деп санайды.

Қарар авторлары сілтеме жасаған Франция Конституциясының 68-бабы Президентке "өз міндеттерін орындамағаны үшін импичмент жариялауға мүмкіндік береді".

Соңғы жаңалықтар