Дөнер дауы: Германия Түркияның өз ұлттық тағамын патенттеуіне қарсы
Германия мен Түркия арасында дөнерге қатысты дау шықты. Түркия Еуроодақтың дөнерді испандардың серрано ветчинасы мен итальяндардың неополитан пиццасы секілді “кепілдендірілген дәстүрлі тағам” деп тіркеуін қалайды. Түркияның өтінімі қабылданса, “дөнер” атауын арнайы әдіспен әрі ішіндегі ет ерекшеліктерін сақтай отырып пісіргетінер ғана пайдалана алады. Германия бұған қарсы.
Түркия дөнердің қалай пісірілгенін қалайды?
Түркия сәуір айында дөнер кебабты «кепілдендірілген дәстүрлі тағам» мәртебесімен қорғауға өтініш берді.
Бұл "шыққан жері және өндірісі бойынша қорғалған атау" деген мәртебеден төмен болса да, кебаб өндірушілерге, олардың жеке рецептеріне, сондай-ақ тұтынушыларға әсер ете алады. Яғни дөнерді Түркия бекіткен стандартпен дайындамайтындар оны “дөнер” деп атай алмайды.
Түркияның ұсынысы бойынша, дөнер сиыр, қой және тауық етінен жасалуы тиіс. Тартылған етке мүлде тыйым салынады. Ет кем дегенде 16 жастағы малдың еті болуы керек. Ет тек тік орналасқан істіктен кесілуі тиіс. Ет тілімінің қалыңдығы 3-5 мм-ден аспауы қажет. Етті кесетін пышақ пен маринадтауға арналған дәмдеуіштер де бекітіледі.
Германия неге қарсы?
Германияға дөнерді Түркия иммигранттары әкелді. Түркияның өзінде дөнер тек қой етінен жасалатын әрі табақта берілетін. Алайда иммигранттар Берлинде дөнерді көше фастфудына лайықтап, тәрелкеде емес, лавашта ұсынатын болды.
Жергілікті халық түріктердің ұлттық тағамын сүйіп жейтін болды. Берлинде орналасқан Еуропадағы түрік дөнерін өндірушілер қауымдастығының мәліметі бойынша, дөнер саудасы тек Германияда жыл сайын шамамен 2,3 миллиард еуро, ал Еуропа бойынша 3,5 миллиард еуро көлемінде табыс әкеледі.
Әр үшінші германиялық айына кем дегенде бір дөнер жейді. Бірақ дөнер бағасы күннен күнге қымбаттап, қалтаға ауырлық салып жатыр. Әсіре солшыл Die Linke партиясы Германияның кейбір қаласында дөнер бағасы 4 еуродан 10 еуроға дейін өскенін айтып, Парламентті дөнер бағасын шектеуге шақырған.
Германияда дөнердің түр-түрін жасайды. Вегетариандық дөнерлер де бар. Кей жерде тіпті шоколадты дөнерді десерт ретінде ұсынады.
Германия Түркия өтінімі қабылданса, үлкен бюрократиялық кедергілер туындап, бағасы өседі деп санайды. Германияның қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының басшысы Ингрид Хартгес жергілікті БАҚ-қа Түркия өтінімі сәтті болса, жаңа ережелердің «гастрономиялық бизнес пен тұтынушылар үшін апатты салдары болады» дейді.
"Дөнер Германияның бір бөлшегіне айналды. Оны дайындау әдістерінің әртүрлілігі біздің елдің де әртүрлілігін көрсетеді. Біз мұны сақтауымыз керек. Германиядағы дөнерді сүйіп жейтіндердің мүддесі үшін біз дөнер кебабтың қазіргідей сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеміз», - делінген Германияның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы федералдық министрлігінің мәлімдемесінде.
Енді екі ел ымыраға келуге алты ай уақыт бар, әйтпесе Еурокомиссия дауды шешуге мәжбүр болады.
Дереккөз: The Guardian, Euronews
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстанда автолизинг бағдарламасы жақында іске қосылады
37 минут бұрын
-
Украина елшісі Қазақстанның мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдарға Киевтің қатысы барын жоққа шығарды
1 сағат бұрын
-
Қазақстанның автозауыттарында өндіріс сапасы мен қауіпсіздігін қадағалауға жасанды интеллект қосылды
1 сағат бұрын
-
Қазақстанда өрт қаупі күшейді: «Қазгидромет» еліміздің өңірлеріне ескерту жасады
1 сағат бұрын
-
Қазақстанда тағы үш автокөлік маркасы өндіріле бастайды
4 сағат бұрын
-
2027 жылдан бастап мемлекет инфляция айырмасын өтемейді: Зейнетақы жинағын қалай қорғаймыз?
6 сағат бұрын
-
Ұлттық банк төрағасының орынбасарына айыппұл салынды
6 сағат бұрын
-
Үкімет көлеңкелі экономиканың үлесін 2028 жылға қарай 13,8%-ға төмендетпек
6 сағат бұрын
-
Қара теңізде тағы бір мұнай танкеріне дрон шабуылдады
1 күн бұрын
-
Денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын жоюдың жаңа жүйесі әзірленді
1 күн бұрын
-
2026 жылдан бастап зейнетақы жинағын жеке компанияларға толық беруге болады: не білу керек?
1 күн бұрын
-
Грузиядан басқарылған 7,5 миллиард теңгелік онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды
1 күн бұрын
-
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
1 күн бұрын
-
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
1 күн бұрын
-
Испания — 2026 жылғы әлем чемпионы
1 күн бұрын
-
Қазақстан Қара теңіздегі мұнай таситын кемелерге жасалған шабуылды айыптады
1 күн бұрын
-
Испания – Аргентина: әлем чемпионатының финалынан не күтеміз?
2 күн бұрын
-
Канье Уэст концертіне билет сату уақыты кейінге шегерілді
2 күн бұрын
-
Украина дрондары КҚК терминалына шабуыл жасап, қазақстандық мұнай тиелген танкерлерге соққы берді
2 күн бұрын
-
Үш күннен бір күнге дейін: Қазақстан ҰҚШҰ әскерін шұғыл кіргізу туралы хаттаманы бекітті
2 күн бұрын
-
Түркістан облысында нашақорлар мен психикалық ауытқуы бар адамдарға жүргізуші куәлігін берген
2 күн бұрын
-
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
2 күн бұрын
-
Украина дрондары Ресейдегі Wildberries қоймаларына соққы жасады (ВИДЕО)
2 күн бұрын
-
Франция мен Англия әлем чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады
3 күн бұрын
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көбейтұз көлін қорғау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қытайға жарысқа барған қазақстандық волейболшылар көшеде қалды
4 күн бұрын
-
Футболдан әлем кубогының жеңімпаздары алтын сақинамен марапатталады
4 күн бұрын
-
Америкалық танымал рэпер Канье Уэст Алматыда концерт береді
4 күн бұрын
-
Ұлытау облысының әкімі тағайындалды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда қандай азық-түлік бағасы арзандағаны белгілі болды
4 күн бұрын
-
Бірыңғай QR жүйесі: қазақстандықтар үшін не өзгереді
4 күн бұрын
-
Алдағы демалыс күндері еліміздің өңірлерінде қандай ауа райы күтіледі?
4 күн бұрын
-
Түркістан облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда Құрылтайдағы әйелдердің рөлін күшейту мәселесі көтерілді
4 күн бұрын
-
Кімдер ақылы жолмен тегін жүре алады
4 күн бұрын
-
Қазақстанда денсаулық сақтау саласына қатысты шағымдар саны 44%-ға артты
4 күн бұрын
-
Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
4 күн бұрын
-
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды
4 күн бұрын
-
Air Astana Дубайға рейстерді қайта тоқтатады
4 күн бұрын
-
Тоқаев Қытайға тауарларды интернет жылдамдығымен жеткізуді ұсынды
5 күн бұрын
-
Месси төрешілердің көмегі туралы қауесеттерге жауап берді
5 күн бұрын
-
Қазақстанға Қашаған бойынша 2,3 трлн теңге айыппұлды өндіріп алуға уақытша тыйым салынды
5 күн бұрын
-
Экономиканың жаңа тынысы: Түркістанда 5 миллиардтық зауыт іске қосылды
5 күн бұрын
-
Астанада тандырханада жарылыс болды: Зардап шеккендер бар
5 күн бұрын
-
Қазақстаннан 71 мың литрден астам жанармайды заңсыз шығармақ болған
5 күн бұрын
-
Босқа уақыт жоғалту емес, өмірді ұзарту: Кино мен театрға бару денсаулыққа қалай әсер етеді
5 күн бұрын
-
Астана мен Арқалық арасында жаңа пойыз бағыты іске қосылады: толық кесте және билет құны
5 күн бұрын
-
Дипломын жұрт алдында жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды
5 күн бұрын
-
Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыртуымен Қытайға барды
5 күн бұрын
-
69 баланың өмірі қиылды: Судағы демалыс қайғылы жағдайға ұласып жатыр
5 күн бұрын