$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Дональд Трамп ресми түрде АҚШ президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды

Редакция
16 шілде 2024 02:25 3764
Дональд Трамп ресми түрде АҚШ президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды Сурет авторы: REUTERS

Дональд Трамп өзіне жасалған қастандықтан екі күн өткен соң, 15 шілде, дүйсенбіде Милуокиде (Висконсин) басталған партия съезінде Республикалық партия атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды. Трамп енді 18 шілдеде кандидатурасын ресми түрде қабылдап, қарашадағы сайлауда АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байденге қарсы шығуы керек, деп хабарлайды Deutch Welle.

Өзі ұсынылатын күні Трамп Огайо штатынан республикашыл сенатор Джеймс Дэвид Вэнсті АҚШ вице-президенттігіне кандидат ретінде жариялады.

«Вице-президент ретінде Джей Ди Конституциямыз үшін күресуді жалғастырады, әскерімізбен бірге болады және маған Американы ұлы етуге көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды», - деп жазды Трамп өзінің Truth әлеуметтік медиа платформасында.

Осы уақытта Милуоки қаласының орталығындағы Red Arrow саябағында митинг өтіп жатыр, оған қатысушылар екі партияның кандидаттарына - Трамп пен Байденге наразы, деп хабарлайды Милуокиден BBC тілшісі Жан Ширин.

Олар митингке «Нәсілшіл Трампқа, Джоның геноцидіне жоқ» деген жазулармен шықты.

Соңғы жаңалықтар