$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Днепрде аза тұту күні: 6 адам қаза тапты

Редакция
04 шілде 2024 07:54 4178
Днепрде аза тұту күні: 6 адам қаза тапты

Ресейлік зымырандардың шабуылынан Днепр мэры Борис Филатов 4 шілдені аза тұту күні деп жариялады.

28 маусымда ресейліктер Днепрге шабуыл жасап, 9 қабаттық үйге зиян келтірді. Нәтижесінде 3 адам қаза тапты.

3 шілде дрондармен жасалған кезекті шабуылдардан 47 адам зардап шекті, олардың ішінде 14 жасар қыз да бар. Түнде жасалған соққылардан қаланың әр жерінде өрт шыққан. Сауда үйі, жанармай станциясы және көліктерге де зиян келген. 
Дрондардың салдарынан жарақат алған 60 жасар әйел ауруханада қайтыс болды, бұл 6-шы өлім болып тіркелді.

Автор: Әмір Жәнібек

Соңғы жаңалықтар