$ 522.19 € 606.42 ₽ 6.47

Дариға Бадықова үш фильмнен 5 миллиард теңгеге жуық табыс тапты

Редакция
14 қараша 2025 17:36 481
Дариға Бадықова үш фильмнен 5 миллиард теңгеге жуық табыс тапты

Қазақстандық актриса әрі продюсер Дариға Бадықова түсірген фильмдер отандық прокатта бұрын-соңды болмаған қаржылық табысқа жетті. Соңғы деректерге сәйкес, оның үш туындысының жалпы табысы 5 миллиард теңгеге жуықтаған.

Rentrak жүйесінің мәліметінше, Бадықованың 2023–2025 жылдар аралығында шыққан фильмдері келесідей табыс әкелген:

  • «Таптым-ау сені» (2023) – 1 834 702 810 теңге

  • «Ыстық ұя» (2025) – 1 754 600 300 теңге

  • «Таптым-ау сені 2» (2024) – 1 198 850 506 теңге

Осылайша, үш картинаның жиынтық табысы 4 млрд 788 млн теңгеден асады.

Бадықованың соңғы туындысы – драмалық жанрдағы «Ыстық ұя» фильмі прокатта 1,7 млрд теңгеден астам жинап, жылдың ең кассалы қазақстандық фильмі атанды. Ол барлық уақыттағы табысты отандық фильмдер рейтингінде екінші орынға жайғасқан.

Көшбасшы орынды әлі де Бадықованың өзі түсірген «Таптым-ау сені» фильмі иеленіп отыр.

Кино мамандарының пікірінше, Дариға Бадықова – қазіргі таңда қазақстандық киноиндустриядағы ең табысты продюсер, әрі оның туындылары көрерменмен ерекше эмоционалды байланыс орната алған сирек мысалдардың бірі.

Соңғы жаңалықтар