$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Coca-Cola ішіне металл бөлшектері кіріп кеткен 28 миллион бөтелкені кері қайтарып жатыр

Редакция
28 қазан 2024 03:06 4171
Coca-Cola ішіне металл бөлшектері кіріп кеткен 28 миллион бөтелкені кері қайтарып жатыр Сурет авторы: Кирилл Каллиников / РИА Новости

Австриядағы зауыт 28 миллион Coca-Cola, Fanta, Sprite және MezzoMix жарты литрлік бөтелкелерін кері қайтарып жатыр. Себебі – ішіне металл бөлшектері түсіп кеткен, деп хабарлады АРА агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, бұл Австрия тарихындағы ең ірі өнімді кері қайтару жағдайы. Толтыру процесінде сүзгі бұзылып, 0,5 литрлік ПЭТ-бөтелкелердің кейбіреуіне металл бөлшектері кіріп кеткен болуы мүмкін.

Компанияның айтуынша, бұл жағдайдан әзірше ешкім зардап шекпеген. 

Миллиондаған бөтелкенің тағдыры не болатыны белгісіз. Өйткені бұл бір реттік ПЭТ-бөтелкелерді қайта тазалап пайдалану мүмкін емес. Әдетте, мұндай бөтелкелер қайта өңдеуге жіберіледі.

Австрияда кока-кола құю зауыты 95 жылдан бері жұмыс істейді. Жылына 471 миллион литр сусын сатады және шамамен 900 қызметкер жұмыс істейді.

 

Соңғы жаңалықтар