«Busline бәріне бірдей ме?»: Астанада көлік секторының әділдігі қайта қаралып жатыр
Сурет авторы: astana.gov.kz
Астана көшелеріндегі арнайы жолақтар – қала тұрғындарының күнделікті өміріндегі маңызды фактор. Бірақ бұл инфрақұрылым баршаға бірдей қолжетімді ме? Кәсіпкерлер палатасында өткен салалық кеңесте қатысушылар осы сұрақтың жауабын іздеді.
Астана қаласында Кәсіпкерлер палатасының алаңында «Көлік және логистика» салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиын барысында қаланың көлік саясатына қатысты өзекті мәселелердің бірі — жолаушылар тасымалымен айналысатын барлық субъектілерге, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге де арнайы жолақтармен (busline) тең дәрежеде жүру құқығын беру мәселесі қаралды.
Көтерілген мәселенің бастамашысы ретінде «АПАРУ» ЖШС ресми түрде жүгініп, рұқсат беру процесіндегі кемшіліктер мен кемсітушілік жайлы шағымын білдірді. Аталған компанияның мәліметінше, қазіргі таңда busline жолақтарына рұқсаттар негізінен таксопарктер арқылы беріледі. Бұл рұқсаттар кейін жеке жүргізушілерге ай сайын шамамен 15 000 теңге көлемінде жалға беріледі. Мұндай жүйе, кәсіпкерлердің пікірінше, Кәсіпкерлік кодексте бекітілген адал бәсекелестік қағидаттарына қайшы келіп, жеке тасымалдаушыларды теңсіз жағдайға қояды.
Сондай-ақ таксопарктермен байланысы жоқ кәсіпкерлерге рұқсат беруден негізсіз бас тарту мәселесі де қозғалды. Шағынушылар әкімшілік рәсімдердің сақталмауын, оның ішінде өтініш иесінің тыңдалмауын, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптарының бұзылуы ретінде атап өтті.
Кеңес барысында мемлекеттік органдар, бизнес және сарапшылар тарапынан түрлі пікірлер айтылды. Қатысушылар қазіргі жағдай жүйелі түрде қайта қарауды қажет ететінін мойындады. Қолданыстағы реттеу моделі монополияға әкеп соқтыру қаупін тудырып, тасымал саласындағы бәсекелестікті тежейді деген тұжырым жасалды. Осыған байланысты рұқсат беру жүйесін ашықтық, айқындық және тең қолжетімділік қағидаттары негізінде реформалау ұсынылды.
Жеке тасымалдаушылардың қызметін заңдастыру және таксопарктерге кірмейтін кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар цифрландыру мен қалалық мобильділіктің өзгеруі жағдайында шағын тасымалдаушылардың рөлі арта түскенін, ал олардың мүдделерін елемеу — саланың дамуына кедергі келтіретінін атап өтті.
Кездесу қорытындысында тараптардың барлығы диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Алдағы уақытта нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеу және таксопарк өкілдерінің қатысуымен бөлек жиын өткізу жоспарланып отыр.
Кәсіпкерлер палатасы салада ашықтықты қамтамасыз ету, әділ бәсекелестік орнату және инфрақұрылымға тең қол жеткізу мәселелері Салалық кеңестің басты назарында қала беретінін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
52 минут бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
1 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
1 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
1 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
6 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын