$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Аустралияда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынбақ

Редакция
07 қараша 2024 02:44 2113
Аустралияда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынбақ Сурет авторы: tproger.ru

Премьер-министр Энтони Албанезе бұл тыйым жасөспірімдердің психикалық саулығын қорғау мақсатында енгізілетінін мәлімдеді. Бұл ережені бұзған компанияларға айыппұл салынуы мүмкін.

"Әлеуметтік желі біздің балаларға зиян тигізіп жатыр, сондықтан бұл әрекеттерге нүкте қоямын", – деді Албанезе Канберрада өткен баспасөз мәслихатында. 

Ол осы айдың соңында заң қабылданатынын айтты. Оның айтуынша, ата-аналар мен жасөспірімдер жазаланбайды. Жауапкершілік желі платформаларына жүктеледі.  

Аустралия бұған дейін де технологиялық компаниялармен күрес жүргізген еді. 2021 жылы Facebook пен Google-ды жаңалықтар үшін төлеуге міндеттеді, ал жуырда X корпорациясын (бұрынғы Twitter) Сиднейдегі теракт туралы видеоны өшірмегені үшін сотқа берді.

Жаңа заң жобасында әлеуметтік желілерді дезинформациямен күресуге міндеттеу мәселесі де қарастырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар