$ 519.51 € 611.83 ₽ 6.6

Астанадағы автобустарға көлік жүргізушілерін бақылау үшін бейнекамера орнатыла бастады

Абдрахманов Мағжан
02 шілде 2025 17:57 48
Астанадағы автобустарға көлік жүргізушілерін бақылау үшін бейнекамера орнатыла бастады Сурет авторы: inbusiness.kz

Астана қаласында қоғамдық көлік жүргізушілерінің тәртібін қадағалау мақсатында автобустарға бейнебақылау камералары орнатыла бастады. Бұл туралы елордадағы кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен іс-шарада Астана қаласы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы жол-көлік және техникалық инспекция бөлімінің аға инспекторы Мақсат Имашов мәлімдеді.

– Қоғамдық көлік жүргізушісінің әрекетін бақылауға арналған бейнебақылау камералары орнатылды. Енді барлық автобусты қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл жүргізушінің телефон қолдану сияқты алаңдататын әрекеттерін болдырмауға бағытталған, – деді инспектор.

Оның айтуынша, қоғамдық көліктердегі камералардың жұмысын полиция қызметкерлері күн сайын патрульдеу кезінде тексеріп отырады. Сонымен қатар әрбір автобус жолға шығар алдында техникалық тексеруден өтеді. Осы кезде бейнебақылау құрылғысының да жұмыс істеп тұрғаны қаралады.

Соңғы жаңалықтар