$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Анголада жанармай бағасының өсуі тәртіпсіздікке әкелді – 22 адам қаза тапты

Редакция
01 тамыз 2025 16:27 322
Анголада жанармай бағасының өсуі тәртіпсіздікке әкелді – 22 адам қаза тапты Сурет авторы: Reuters.com

Анголада дизель бағасының 33%-ға қымбаттауы халықтың ашуын туғызып, елде жаппай наразылыққа ұласты. Қақтығыстар кезінде кемінде 22 адам қаза тауып, 197 адам жараланды, 1 200-ден астам адам ұсталды (Reuters).

Дүйсенбіде Луандада басталған ереуілдер тез арада басқа аймақтарға таралды. Кей жерлерде дүкендер тоналып, көліктер өртенді. Билік тәртіпті қалпына келтіру үшін әскер шығарды.

Үкімет бюджетке түсетін ауыртпалықты азайтып, қаржыны басқа салаларға бағыттау керек дейді. Алайда сарапшылар бұл шешімнің халыққа ауыр тиетінін айтады. Дизель бағасының өсуі азық-түлік пен қоғамдық көлік құнын да қымбаттатты. Халықаралық ұйымдар да бағаның күрт көтерілуі кедей аймақтардағы жағдайды одан әрі қиындатуы мүмкін деп ескертті.

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар