$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

АҚШ-та жыл басынан бері 460-қа жуық компания банкрот деп танылды: Себеп неде?

Редакция
11 қыркүйек 2024 02:55 4136
АҚШ-та жыл басынан бері 460-қа жуық компания банкрот деп танылды: Себеп неде? Сурет авторы: Unsplash

АҚШ-та жыл басынан бері 452 компания банкрот деп танылды. Бұған америкалық S&P Global Market Intelligence корпорациясының деректері дәлел.

Бұл – соңғы 4 жылдағы ең үлкен көрсеткіш. 2020 жылы 466 компания банкрот болған.

Бөлшек сауда, мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс және жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар көп зардап шекті. 

АҚШ компанияларының алдында тұрған негізгі қиындықтар – жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен геосаяси белгісіздік.

Соңғы жаңалықтар