$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

АҚШ-та "Милтон" дауылынан бірнеше адам қаза тапты

Редакция
10 қазан 2024 05:25 1924
АҚШ-та "Милтон" дауылынан бірнеше адам қаза тапты Сурет авторы: Chandan Khanna/AFP/Getty Images

Флорида штатында «Милтон» дауылы соғып, Атлант жағалауында бірнеше адамның қайтыс болғаны расталды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.

Дауыл салдарынан екі миллионнан астам үй мен кәсіпорын электр қуатынсыз қалды. Бастапқыда 5-санатта болған «Милтон» дауылы қазір 1-санатқа дейін төмендеді, бірақ әлі де үлкен зиян келтіріп жатыр.

Екі апта бұрын ғана Флорида штатында «Хелен» дауылы соққан еді, сол кезде Флорида мен көршілес штаттарда 225 адам көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар