$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

АҚШ-та "Хелен" дауылынан 190 адам қаза тапты

Редакция
03 қазан 2024 04:21 3761
АҚШ-та "Хелен" дауылынан 190 адам қаза тапты Сурет авторы: Jonathan Drake, Reuters

26 қыркүйекте АҚШ-тың шығыс жағалауында соққан Хелен дауылы 190 адамның өмірін қиды, деп хабарлады NBC News. Телеарна тағы бірнеше жүз американдық із-түзсіз жоғалып кеткенін атап өтті.

NBC News арнасының хабарлауынша, дауыл салдарынан 3 миллионнан астам үй жарықсыз қалған. 1,3 миллионға жуық тұтынушы әлі күнге дейін электр қуатынсыз отыр. Moody's Analytics дауыл келтірген шығын шамамен 34 миллион доллар деп есептейді. 

Байден Қорғаныс министрлігіне Солтүстік Каролина Ұлттық гвардиясын күшейту үшін 1000-ға жуық жауынгерді орналастыруға нұсқау берді. Олар оқшауланған қауымдастықтарға азық-түлік, су жеткізуге көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар