2027 жылдан бастап мемлекет инфляция айырмасын өтемейді: Зейнетақы жинағын қалай қорғаймыз?
Сурет авторы: ЖИ иллюстарциясы
Қазақстанда зейнетақы жинағын басқару тәртібі өзгереді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ұлттық банк пен БЖЗҚ таратқан түсіндірмеге сәйкес, 2027 жылдан бастап зейнетақы жинағының кірістілігі инфляциядан төмен болған жағдайда айырмасын бюджет есебінен біржолғы өтеу тоқтатылады.
Алайда сіздің жалақыңыздан БЖЗҚ-ға нақты аударылған өз ақшаңызға мемлекет бұрынғыша толық кепілдік береді – ол жоғалмайды. Жойылатыны – кірістілік пен инфляция арасындағы айырманы бюджеттен біржолғы өтеу тетігі.
Мысалы, азаматтың бүкіл жинақтау кезеңіндегі инвестициялық кірісі 8%, ал жинақталған инфляция 10% болса, қазіргі тәртіп бойынша 2 пайыздық тармаққа тең айырма мемлекет есебінен өтеледі. 2027 жылдан кейін мұндай өтем болмайды. Салымшының шотындағы ақша номиналды түрде сақталғанымен, оның нақты құны төмендеуі ықтимал.
Мемлекет кепілдіктен неге бас тартты?
Мұндай кепілдік азаматтар жинақтарын кім басқаратынын өздері таңдай алмаған кезеңде енгізілген. Инвестициялық шешімдерді мемлекет қабылдағандықтан, оның салдарына да мемлекет жауап берген.
2026 жылғы қыркүйектен бастап салымшылар зейнетақы жинағының 100%-ына дейін жеке басқарушы компанияларға бере алады. Бұған дейін міндетті жинақтың 50%-ына дейін ғана аударуға рұқсат етілген.
Егер салымшы жеке басқарушы компанияны таңдаса, инфляциялық тәуекелді мемлекет бюджеттен өтемейді.
Демек, жаңа жүйеде салымшының алдында екі негізгі таңдау тұрады:
– жинағын Ұлттық банктің басқаруында қалдыру;
– жинақтың бір бөлігін немесе барлығын жеке басқарушы компанияға беру.
Екі жағдайда да ақша БЖЗҚ-дағы жеке шотта есепке алына береді. Өзгеретіні – оны кім инвестициялайтыны, қандай стратегия қолданылатыны және кірістілікке кім жауап беретіні.
Мемлекет жауапкершіліктен бас тартып отыр ма?
Экономист Оразбек Мырзақұл мұны мемлекеттің жауапкершіліктен толық қашуы деп біржақты бағалау дұрыс емес екенін айтады. Дегенмен реформаның жауапкершіліктің бір бөлігін азамат пен басқарушы компанияларға ауыстыратыны анық.
– Жүз пайыз жауапкершіліктен қашып жатыр деу сәл қате болады. Бірақ бұған дейін мемлекет мойнында болған тәуекелдің бір бөлігі азаматтарға жүктеледі. Бір жағынан, бұл – мәжбүрлі қадам. Зейнетақы активтері жыл сайын өсіп жатыр. Егер табыс инфляциядан төмен болған сайын айырмасы бюджеттен өтелсе, болашақта мемлекетке үлкен салмақ түсуі мүмкін, – дейді экономист.
Оның сөзінше, реформаның әлсіз тұсы – халықтың қаржылық сауаттылығы мен жеке басқарушы компаниялар нарығының дайындығы жеткілікті ескерілмеуі мүмкін.
Зейнетақы жинағы – адамның еркін пайдалана алатын бос қаражаты емес. Азамат инвестициялық компанияны, тәуекел деңгейін және портфель құрылымын өзі таңдай бастаған кезде қате шешімнің салдары да оның болашақ зейнетақысына тікелей әсер етеді.
Ұлттық банкте қалған ақша қалай қорғалады?
Жинағын жеке компанияға бергісі келмейтін азамат ақшасын Ұлттық банктің басқаруында қалдыра алады. Бұл автоматты түрде жасалады – салымшы арнайы өтініш бермесе, жинақ бұрынғыдай Ұлттық банктің инвестициялық басқаруында болады.
Ұлттық банкке зейнетақы активтерінің кірістілігін инфляциядан кемінде 1 пайыздық тармақ жоғары деңгейде қамтамасыз ету міндеті қойылғаны хабарланды. Бұл – маңызды нысаналы көрсеткіш. Бірақ оны әр жылға берілген абсолютті кепілдік деп қабылдауға болмайды.
Инвестициялық нарықта табыстылық алдын ала бекітілмейді. Облигациялар бағасы, валюта бағамы, пайыздық мөлшерлемелер мен халықаралық нарықтар өзгеріп тұрады. Сондықтан Ұлттық банк инфляциядан жоғары табыс табуға ұмтылғанымен, жекелеген кезеңде көрсеткіш төмен болуы мүмкін.
Оразбек Мырзақұл инвестицияны түсінбейтін қарапайым салымшы үшін Ұлттық банкте қалуды салыстырмалы түрде қауіпсіз таңдау деп есептейді.
– Ұлттық банктің портфелі консервативті. Оның едәуір бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған. Бұл құралдар тұрақты болғанымен, табысы орташа. Инфляция қатты өсіп кетсе, облигациялардың кірісі одан төмен қалуы ықтимал. Бірақ адам инвестицияны мүлде түсінбесе, жинағын Ұлттық банктің басқаруында қалдырғаны дұрыс, – дейді сарапшы.
2026 жылғы 1 маусымда міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналардан қалыптасқан Ұлттық банк портфелінің 43,38%-ы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылған. 37,65%-ы индекстік басқаруға берілген. Активтердің 58,94%-ы теңгемен, 41,06%-ы АҚШ долларымен номинацияланған. Бұл құрылым тәуекелді әртүрлі құралдар мен валюталар арасында бөлуге бағытталған.
Жеке басқарушыға берілген жинақ қалай қорғалады?
2027 жылдан бастап жинағын жеке басқарушы компанияға берген азаматтар үшін инвестициялық кіріс пен инфляция арасындағы айырманы мемлекет бюджеттен өтемейді. Министрліктің түсіндіруінше, салық төлеушілердің қаражаты азаматтың жеке таңдауы бойынша қабылданған инвестициялық тәуекелдерді жабуға жұмсалмауға тиіс.
Алайда бұл салымшының жинағы қорғаныссыз қалады деген сөз емес:
- Егер жеке компания сіздің ақшаңызды инвестициялап, шығынға батса, ол жоғалтқан ақшаны мемлекет емес, компания өз қалтасынан қайтарып береді
- Осы жауапкершілікті көтере алуы үшін басқарушы компаниялардың меншікті капиталы кемінде 1,9 млрд теңге (440 мың АЕК) болуы тиіс
Осылайша жаңа жүйеде жауапкершілік былай бөлінеді:
– салымшы жеке басқарушыны өзі таңдайды;
– мемлекет бұл таңдау бойынша инфляциялық айырманы бюджеттен өтемейді;
– жеке басқарушы теріс айырманы өз капиталы есебінен толықтыруға міндетті.
Демек, жеке басқарушыны таңдаған азаматтың жинағына қатысты қаржылық жауапкершілік компанияға өтеді.
Жеке компаниялар қазір қандай нәтиже көрсетіп отыр?
2025 жылғы маусымнан 2026 жылғы мамырға дейін Ұлттық банк басқарған негізгі зейнетақы активтерінің кірістілігі 11,46% болды. Осы кезеңде салымшыларға шамамен 2,71 трлн теңге инвестициялық кіріс есептелген.
Жеке басқарушылардың нәтижесі мынадай:
Жеке компаниялардың кейбірі осы 12 айда Ұлттық банктен жоғары нәтиже көрсеткен. Бірақ бір жылдық табыстылық компанияның алдағы он немесе жиырма жылда да дәл солай жұмыс істейтініне кепілдік бермейді.
Қорда қанша ақша бар?
2026 жылғы 1 маусымда Ұлттық банк пен жеке басқарушылардың қарамағындағы жалпы зейнетақы активтері 27,63 трлн теңгені құрады. Соның шамамен 109,98 млрд теңгесі ғана жеке компанияларға берілген. Бұл барлық активтің шамамен 0,4%-ы. Яғни салымшылардың басым бөлігі әзірге жинағын Ұлттық банктің басқаруында қалдырған.
Соңғы жылдары жинақ инфляциядан қорғалды ма?
БЖЗҚ-ның номиналды табыстылығы жыл сайын инфляциядан жоғары болған жоқ.
2022 жылы инфляция инвестициялық табыстан 13,75 пайыздық тармаққа жоғары болды. 2025 жылы де нақты кірістілік теріс шықты. Ал 2024 жылы БЖЗҚ табысы инфляциядан едәуір озды.
Бұл мәліметтер зейнетақы инвестициясын бір жылдық нәтижемен бағалауға болмайтынын көрсетеді. Ұзақ мерзімде жоғары нәтиже болуы мүмкін, бірақ жекелеген жылдары жинақтың сатып алу қабілеті төмендейді.
Жаңа жүйе кімге тиімді?
Реформа инвестициялық таңдау жасауға дайын азаматтарға қосымша мүмкіндік береді.
Ол, ең алдымен:
– зейнетке шығуына он жылдан астам уақыт қалғандарға;
– нарықтағы уақытша құлдырауды қабылдай алатындарға;
– инвестициялық тәуекелдің мәнін түсінетіндерге;
– компаниялардың ұзақмерзімді есебін салыстыра алатындарға;
– жинағын бірнеше стратегия арасында бөле алатындарға тиімді болуы мүмкін.
Жас салымшының нарықтағы құлдыраудан кейін жинақтың қалпына келуін күтуге уақыты көбірек. Сондықтан ол жинақтың белгілі бір бөлігін өсім әлеуеті жоғары, бірақ құбылмалы құралдарға бағыттай алады.
Бірақ мұндай стратегия жоғары табысты міндетті түрде қамтамасыз етпейді. Ол тек ықтимал табыс пен ықтимал шығынды қатар арттырады.
Реформа кімге қауіптірек?
Жаңа тәртіп мына азаматтарға көбірек қауіп төндіреді:
– зейнетке шығуына аз уақыт қалғандарға;
– инвестицияның қалай жұмыс істейтінін түсінбейтіндерге;
– барлық жинағын бір компанияға беретіндерге;
– бір жылдағы жоғары кірісті тұрақты нәтиже деп қабылдайтындарға;
– комиссия мен портфель құрылымын зерттемейтіндерге;
– нарық төмендеген сайын басқарушыны ауыстыра беретіндерге;
– ресми лицензиясы жоқ ұйымдардың ұсынысына сенетіндерге.
Зейнетке шығуына екі-үш жыл қалған адамның жинағы күрт төмендесе, оның шығынды өтеуге уақыты жетпеуі мүмкін. Сондықтан жас ұлғайған сайын инвестициялық портфельдің тәуекелі біртіндеп азаюға тиіс.
Қомпанияны қалай таңдау керек?
Басқарушыны тек ең жоғары пайыз көрсеткені үшін таңдауға болмайды.
Лицензиясын тексеріңіз. Компанияның зейнетақы активтерін басқаруға ресми рұқсаты болуға тиіс.
Кемінде үш-бес жылдық нәтижесін қараңыз. Бір жылдық өсім валюта бағамының өзгеруінен немесе жекелеген активтің қысқа мерзімді қымбаттауынан қалыптасуы мүмкін.
Табыстылықты инфляциямен салыстырыңыз. Компания 12% табыс көрсетіп, инфляция 13% болса, ақша көбейгенімен, оның сатып алу қабілеті төмендеген.
Портфельдің құрамын зерттеңіз. Қаражаттың қанша бөлігі облигацияда, акцияда, шетел валютасында және жеке компаниялардың бағалы қағаздарында тұрғанын қарау қажет.
Комиссияны есептеңіз. Жоғары комиссия салымшының қолында қалатын нақты кірісті азайтады.
Тәуекелдің шоғырлануын бағалаңыз. Портфель бір валютаға, бір салаға немесе бірнеше эмитентке тым тәуелді болмауға тиіс.
Компанияның беделі мен ашықтығына қараңыз. Нарықтағы тәжірибесі, акционерлері, басқарушылары, қаржылық есебі мен инвестициялық саясаты ашық болуы маңызды.
Оразбек Мырзақұл шамадан тыс жоғары табысқа кепілдік берген компаниялардан сақтану керектігін ескертеді.
– Нарықтағы орташа көрсеткіштен әлдеқайда жоғары табысты еш тәуекелсіз береміз десе, одан қауіптенген дұрыс. Инвестицияда жоғары табыс жоғары тәуекелмен бірге жүреді. Компанияның лицензиясын, беделін және бірнеше жылдық нәтижесін тексеру керек, – дейді ол.
Қарапайым салымшы не істеуі керек?
Біріншіден, асықпау керек. 100% аударуға мүмкіндік берілуі бүкіл жинақты міндетті түрде жеке компанияға өткізу қажет дегенді білдірмейді.
Екіншіден, БЖЗҚ шотын тексеру керек. Қанша ақша жиналғанын, жарналардың тұрақты түсіп жатқанын және инвестициялық кірістің қалай өзгеретінін бақылаған жөн.
Үшіншіден, зейнетке дейінгі уақытты есептеу қажет. Уақыт аз болған сайын тәуекел де төмен болуға тиіс.
Төртіншіден, барлық ақшаны бірден аудармаған дұрыс. Заң мен ұсынылатын стратегиялар мүмкіндік берсе, алдымен жинақтың бір бөлігін ғана жеке басқаруға беру тәуекелді азайтады.
Бесіншіден, табысты бірдей кезең бойынша салыстыру керек. Бір компанияның 12 айлық көрсеткішін екіншісінің үш жылдық нәтижесімен салыстыру дұрыс емес.
Алтыншыдан, нақты кірісті есептеген жөн. Номиналды табыстан инфляция мен комиссияны алып тастағанда ғана жинақтың шын мәнінде көбейгені немесе азайғаны көрінеді.
Жетіншіден, эмоцияға берілмеу керек. Нарық төмендеген кезде компанияны қайта-қайта ауыстыру уақытша шығынды нақты шығынға айналдыруы мүмкін.
Ең қауіпсіз шешім қайсы?
Барлығына ортақ бір ғана дұрыс шешім жоқ.
Инвестицияны түсінбейтін, тәуекелге дайын емес немесе зейнет жасына жақындаған азамат үшін жинақты Ұлттық банктің басқаруында қалдыру орындырақ. Бұл ең жоғары табыс бермеуі мүмкін, бірақ портфельдің мақсаты – жинақты салыстырмалы түрде тұрақты және әртараптандырылған құралдарда сақтау.
Ал зейнетке дейін уақыты көп, жеке компанияның есебін талдай алатын және нарықтың құбылуына дайын адам жинақтың бір бөлігін жеке басқаруға бере алады.
Ең қауіпті шешім – бүкіл жинақты бір күнде, тек жоғары пайызға қызығып, құрылымы мен тәуекелін түсінбейтін компанияға аудару.
2027 жылдан кейін мемлекет міндетті жарналардың нақты салынған сомасын сақтауға кепілдік береді. Бірақ инфляциядан туындаған шығынды автоматты түрде өтемейді. Ұлттық банкке инфляциядан жоғары кіріс табу міндеті қойылады, ал жеке басқарушы ең төменгі кірістілік нормативіне жауап береді.
Сондықтан реформаның нақты мәні – мемлекет зейнетақы жинағынан толықтай қол үзеді дегенде емес. Өзгеріс инфляциялық тәуекелді өтеудің бұрынғы тетігін тоқтатып, инвестициялық шешімнің салмағын салымшы мен басқарушыға көбірек жүктейді.
Зейнетақы жинағы – жоғары табысты сынап көретін қаражат емес. Бұл жерде ең дұрыс қағида қарапайым: өзіңіз түсінбейтін стратегияға ақшаңызды бермеңіз.
Соңғы жаңалықтар
-
Жәнібек Әлімханұлы WBO белбеуінен бас тартып, Канелоның салмағына ауысты
51 минут бұрын
-
Қазақстанда автолизинг бағдарламасы жақында іске қосылады
1 сағат бұрын
-
Украина елшісі Қазақстанның мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдарға Киевтің қатысы барын жоққа шығарды
2 сағат бұрын
-
Қазақстанның автозауыттарында өндіріс сапасы мен қауіпсіздігін қадағалауға жасанды интеллект қосылды
3 сағат бұрын
-
Қазақстанда өрт қаупі күшейді: «Қазгидромет» еліміздің өңірлеріне ескерту жасады
3 сағат бұрын
-
Қазақстанда тағы үш автокөлік маркасы өндіріле бастайды
5 сағат бұрын
-
2027 жылдан бастап мемлекет инфляция айырмасын өтемейді: Зейнетақы жинағын қалай қорғаймыз?
7 сағат бұрын
-
Ұлттық банк төрағасының орынбасарына айыппұл салынды
7 сағат бұрын
-
Үкімет көлеңкелі экономиканың үлесін 2028 жылға қарай 13,8%-ға төмендетпек
8 сағат бұрын
-
Қара теңізде тағы бір мұнай танкеріне дрон шабуылдады
1 күн бұрын
-
Денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын жоюдың жаңа жүйесі әзірленді
1 күн бұрын
-
2026 жылдан бастап зейнетақы жинағын жеке компанияларға толық беруге болады: не білу керек?
1 күн бұрын
-
Грузиядан басқарылған 7,5 миллиард теңгелік онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды
1 күн бұрын
-
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
1 күн бұрын
-
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
1 күн бұрын
-
Испания — 2026 жылғы әлем чемпионы
1 күн бұрын
-
Қазақстан Қара теңіздегі мұнай таситын кемелерге жасалған шабуылды айыптады
1 күн бұрын
-
Испания – Аргентина: әлем чемпионатының финалынан не күтеміз?
2 күн бұрын
-
Канье Уэст концертіне билет сату уақыты кейінге шегерілді
2 күн бұрын
-
Украина дрондары КҚК терминалына шабуыл жасап, қазақстандық мұнай тиелген танкерлерге соққы берді
2 күн бұрын
-
Үш күннен бір күнге дейін: Қазақстан ҰҚШҰ әскерін шұғыл кіргізу туралы хаттаманы бекітті
2 күн бұрын
-
Түркістан облысында нашақорлар мен психикалық ауытқуы бар адамдарға жүргізуші куәлігін берген
3 күн бұрын
-
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
3 күн бұрын
-
Украина дрондары Ресейдегі Wildberries қоймаларына соққы жасады (ВИДЕО)
3 күн бұрын
-
Франция мен Англия әлем чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады
3 күн бұрын
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көбейтұз көлін қорғау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қытайға жарысқа барған қазақстандық волейболшылар көшеде қалды
4 күн бұрын
-
Футболдан әлем кубогының жеңімпаздары алтын сақинамен марапатталады
4 күн бұрын
-
Америкалық танымал рэпер Канье Уэст Алматыда концерт береді
4 күн бұрын
-
Ұлытау облысының әкімі тағайындалды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда қандай азық-түлік бағасы арзандағаны белгілі болды
4 күн бұрын
-
Бірыңғай QR жүйесі: қазақстандықтар үшін не өзгереді
4 күн бұрын
-
Алдағы демалыс күндері еліміздің өңірлерінде қандай ауа райы күтіледі?
4 күн бұрын
-
Түркістан облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда Құрылтайдағы әйелдердің рөлін күшейту мәселесі көтерілді
4 күн бұрын
-
Кімдер ақылы жолмен тегін жүре алады
4 күн бұрын
-
Қазақстанда денсаулық сақтау саласына қатысты шағымдар саны 44%-ға артты
4 күн бұрын
-
Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
4 күн бұрын
-
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды
4 күн бұрын
-
Air Astana Дубайға рейстерді қайта тоқтатады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Қытайға тауарларды интернет жылдамдығымен жеткізуді ұсынды
5 күн бұрын
-
Месси төрешілердің көмегі туралы қауесеттерге жауап берді
5 күн бұрын
-
Қазақстанға Қашаған бойынша 2,3 трлн теңге айыппұлды өндіріп алуға уақытша тыйым салынды
5 күн бұрын
-
Экономиканың жаңа тынысы: Түркістанда 5 миллиардтық зауыт іске қосылды
5 күн бұрын
-
Астанада тандырханада жарылыс болды: Зардап шеккендер бар
5 күн бұрын
-
Қазақстаннан 71 мың литрден астам жанармайды заңсыз шығармақ болған
5 күн бұрын
-
Босқа уақыт жоғалту емес, өмірді ұзарту: Кино мен театрға бару денсаулыққа қалай әсер етеді
5 күн бұрын
-
Астана мен Арқалық арасында жаңа пойыз бағыты іске қосылады: толық кесте және билет құны
5 күн бұрын
-
Дипломын жұрт алдында жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды
5 күн бұрын
-
Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыртуымен Қытайға барды
5 күн бұрын