10 жастан бастап темір торға: Аустралияның Солтүстік аймағында қылмыстық жауапкершілік жасы төмендетілді
Аустралияның Солтүстік аймағында билік қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын төмендету туралы шешім қабылдады. Енді 10 жастан бастап балаларды қамауға алу мүмкіндігі қайта енгізілді. Бұл туралы BBC-дің орыс қызметі хабарлады.
Бұған дейін бұл норма аймақта болған, алайда соңғы уақытта Аустралия штаттары мен территорияларына БҰҰ-ның ұсынымдарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік жасын 10-нан 14 жасқа дейін көтеру туралы қысым жасалды. Өткен жылы Солтүстік аймақ билігі бұл жасты 10-нан 12 жасқа дейін көтерген болатын. Алайда тамыз айында билікке келген Аграрлық либералдық партия жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресу үшін бұл жасты қайтадан 10 жасқа дейін төмендетуді ұсынды.
Партия бұл шешім балалардың мүддесіне сай келеді деп мәлімдегенімен, көптеген дәрігер, құқық қорғаушы және жергілікті халық өкілдері онымен келіспейді. Олардың пікірінше, жаңа заң қылмыс деңгейін төмендетпейді, керісінше Аустралияның аборигендері мен Торрес бұғазы аралдарының тұрғындарына кері әсерін тигізеді.
Солтүстік аймақ елдегі басқа юрисдикциялардан 11 есе жиі балаларды қамауға алады, олардың басым бөлігі – жергілікті халықтың өкілдері. 2022-2023 жылдары Аустралияның түрмелерінде 10-17 жас аралығындағы шамамен 4,4 мың бала болған, оның ішінде Солтүстік аймақтан 273 бала сотталған.
2023 жылдың жазына қарай 10-13 жас аралығындағы 41 бала түрмеде отырса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 52 болған. Солтүстік аймақтың жаңа билігі сайлау кезінде қылмысқа қарсы күресуге уәде бергендіктен, бұл шешімді қолдағандарын айтады.
Аймақ үкіметі қылмыстық жауапкершілікті ерте жастан енгізу балаларды болашақта қылмыс жасаудан сақтайды деп есептейді. Алайда зерттеулер көрсеткендей, түрмеге түскен жасөспірімдер қылмысты қайталауға бейім, ал түрмедегі өмір олардың денсаулығына, біліміне және болашақта жұмыс табуына кері әсер етеді.
Аустралияның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы да осы жылдың басында жариялаған есебінде мұндай саясаттың қатаң шараларды талап ететін популистік риторикамен байланысты екенін атап өткен болатын. Комиссияның пайымдауынша, билік ақшаны балалар түрмесіне емес, балаларды қолдау қызметіне жұмсауы керек.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
23 сағат бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
3 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
3 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
5 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын