Жұмыссыз қалғандарға берілетін төлем көлемі мен мерзімі қысқармақ
Сурет авторы: depositphotos
Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік төлем тәртібі өзгереді. Төлемнің ең ұзақ мерзімі алты айдан үш айға дейін қысқарып, ең жоғары мөлшеріне де шектеу қойылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Жаңа тәртіп 2026 жылғы қазаннан бастап төлем алу құқығы пайда болатын азаматтарға қолданылады. Төлем мерзімі адамның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты болады. Алты айдан бір жылға дейін жарна төлегендерге бір ай, бір жылдан екі жылға дейін қатысқандарға екі ай, ал екі жылдан астам қатысқандарға ең көбі үш ай төлем беріледі.
Төлемнің ең жоғары мөлшері де өзгереді. Ол жеті ең төменгі жалақының 45 пайызынан аспауға тиіс. Бұл шамамен айына 600 долларға тең. Қолданыстағы тәртіп бойынша жұмыссыз қалған адамға төленетін ең жоғары сома шамамен 800 долларға дейін жетеді.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жүйені қайта қарауға әлеуметтік төлем алуда анықталған күмәнді тәсілдер себеп болғанын айтқан. Оның сөзінше, кей жағдайда жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар айына 2 мың доллардан астам төлем алған.
Министрлік өзгерістердің мақсаты бюджет қаражатын үнемдеу емес, азаматтарды қайта жұмысқа орналастыру тетіктерін күшейту екенін мәлімдеді.
Жаңа тәртіп бойынша төлем алушы жұмыссыз деген ресми мәртебесін сақтауға тиіс. Егер мансап орталығы азаматқа үш қолайлы жұмыс орнын ұсынып, ол үшеуінен де бас тартса, есептен шығарылып, әлеуметтік төлем тоқтатылады. Жұмыс таңдағанда адамның мамандығы, біліктілігі, тәжірибесі, денсаулық жағдайы және жұмыс орнына қатынау мүмкіндігі ескерілуге тиіс.
Үш ай ішінде жұмыс табылмаса, төлем мерзімі ұзартылмайды. Оның орнына азаматқа шәкіртақы төленетін қайта даярлау курсы, қоғамдық жұмыс, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орны немесе кәсіп бастауға көмек ұсынылуы мүмкін.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда шамамен 445 мың жұмыссыз болған. 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді 287 мыңнан астам адам алған.
Соңғы жаңалықтар
-
Табысы жоқ, бірақ үйі мен бірнеше көлігі бар: салық органдары кімдерге назар аударады
1 сағат бұрын
-
Паспортты онлайн қайта рәсімдеу қашан іске қосылады: Министрлік жауабы
2 сағат бұрын
-
Қазақстанда әлеуметтік желі қолданушыларының жасын жасанды интеллект тексереді
2 сағат бұрын
-
16 миллион қазақстандықтың дерегі таралған даулы іс: Министрлік тергеудің қалай аяқталғанын білмейді
2 сағат бұрын
-
Жылыту маусымы басталды: үйіңізге жылу берілмесе, кімге хабарласу керек?
3 сағат бұрын
-
Ірі қалалардағы кептелісті азайту үшін жаңа жүйе енгізіледі
3 сағат бұрын
-
Елімізде көлік жүргізушілеріне шұғыл ескерту жасалды
3 сағат бұрын
-
Қызылордалық зейнеткер өз үйін сатып жібергенін 3,5 жылдан кейін білген
3 сағат бұрын
-
Семей жылыту маусымына дайын болмай шықты: Бектенов әкім орынбасарын жауапқа тартуды тапсырды
4 сағат бұрын
-
Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті (ВИДЕО)
4 сағат бұрын
-
Өскеменде кафеге келген адамға ескерту жасаған полицей қаза тапты
4 сағат бұрын
-
Доллар бір күнде 7 теңгеден астам қымбаттады: 6 қазандағы валюта бағамы
5 сағат бұрын
-
Қар, көктайғақ және қатты жел: 6 қазанда күн райы қандай болады
8 сағат бұрын
-
Әскердегі былық: Қорғаныс министрлігін тексеру кезінде 13 қылмыстық іс қозғалды
20 сағат бұрын
-
Қорғаныс министрлігінде ауқымды аудит басталды: 48 әскери бөлім тексеріледі
21 сағат бұрын
-
Францияда оқушылардың митингі салдарынан 500-ге жуық мектепте сабақ тоқтатылды
1 күн бұрын
-
Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 14 млн теңге талап етті: сот шешімі шықты
1 күн бұрын
-
Мектепке бармаған, қоқыстан тамақ іздеген: БҚО-да 10 жасар баланың анасы ата-ана құқығынан айырылды
1 күн бұрын
-
Иркутскіде оба шықты ма: Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады
1 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге қымбаттауы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қарулы Күштер Бас штабының жаңа бастығын тағайындады
1 күн бұрын
-
Доллар қымбаттады: бүгін айырбастау орындарындағы бағам қандай
1 күн бұрын
-
Қар, нөсер және қатты жел: 5 қазанда Қазақстанда күн райы қандай болады
1 күн бұрын
-
84 медаль және үш саты жоғары: Қазақстан Азия ойындарын қалай аяқтады
2 күн бұрын
-
Астанада жасанды интеллект киносын дамытуға 2 миллион доллар бөлінді
2 күн бұрын
-
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды басшыны қызметінен босатты
2 күн бұрын
-
СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр
3 күн бұрын
-
Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін жаңа зауыт ашылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанға 12-алтын: Тамерлан Төлеулес Азия ойындарының чемпионы атанды
3 күн бұрын
-
Қазақстанға бокстан екінші алтын: Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды
3 күн бұрын
-
«Жаңа кен орны ашылғанмен бірдей»: журналист Қазақстанның IT экспортындағы өсімге назар аударды
4 күн бұрын
-
12 жылдан кейін: Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда Украина азаматы Ресейдің сұрауымен ұсталды
4 күн бұрын
-
Тегін дәрі-дәрмек енді QR-код арқылы беріледі: Қазақстанда жаңа жүйе енгізілмек
4 күн бұрын
-
Доллар қайта қымбаттады: 2 қазандағы валюта бағамы
4 күн бұрын
-
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады: 2 қазанда күн райы қандай болады
4 күн бұрын
-
Халық Кеңесінің тұрақты комитет төрағалары мен құрамы бекітілді
4 күн бұрын
-
Ресей Калининград қоршауға алынса, ядролық қару қолдануы мүмкін екенін ескертті
4 күн бұрын
-
Алматының лас ауасы қанға дейін жетеді: тәжірибе не көрсетті
4 күн бұрын
-
Әскерге сау кетіп, арбаға таңылып оралды: сарбаздың туыстары әділдік іздейді
4 күн бұрын
-
Қазақстан, Ресей және тағы төрт ел «экстремистер» туралы дерек алмасады
5 күн бұрын
-
Жабылып қалу қаупі бар ма: жекеменшік балабақшалар жаңа талаптарға алаңдап отыр
5 күн бұрын
-
Шымкентті жағымсыз иіс жайлады: әкім оның көзін табуды тапсырды
5 күн бұрын
-
Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы құрылыс нысанында қаза болды
5 күн бұрын
-
Мектеп оқушылары күзде неше күн демалады
5 күн бұрын
-
"Ұшқыш террорист болуы мүмкін": Трамп пен Нетаньяху Flydubai рейсіндегі оқиғаны талқылады
5 күн бұрын
-
Қазаннан бастап Қазақстанда не өзгереді
5 күн бұрын
-
Доллар қымбаттады: 1 қазанда айырбастау орындарында бағам қандай
5 күн бұрын
-
Жаңбыр мен қатты жел: 1 қазанда Қазақстанда күн райы қандай болады
5 күн бұрын
-
Алматыда көлік тұрақтарының бағасы өседі
5 күн бұрын