$ 455.86 € 528.84 ₽ 5.25

Тыңшылық ісі: Қазақстан Өзбекстанды хабардар етті

Абдрахманов Мағжан
03 қыркүйек 2026, 16:23
Тыңшылық ісі: Қазақстан Өзбекстанды хабардар етті Сурет авторы: ашық дереккөзден

Қазақстан Өзбекстан тарапының Астанада ұсталған профессор Икболжон Қарабоевқа қатысты іс туралы ресми түрде хабардар етілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚазТАГ редакциясының сауалына берген жауабында хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу материалдары жария етуге жатпайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өзбек тарапы дипломатиялық арналар арқылы ресми түрде хабардар етілді», – деп жауап берген ҰҚК.

Бұған дейін BBC Астанадағы Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетте халықаралық қатынастар пәнінен сабақ берген өзбек профессоры Икболжон Қарабоевтың Қазақстанда тыңшылық ісі бойынша ұсталғанын хабарлаған.

ҰҚК тергеудің мән-жайына қатысты өзге деректерді жарияламады.

Соңғы жаңалықтар