$ 454.46 € 527.72 ₽ 5.25

Тоқаев жаңа көмекшісін тағайындады

Абдрахманов Мағжан
08 қыркүйек 2026, 19:20
Тоқаев жаңа көмекшісін тағайындады Сурет авторы: Үкімет

Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Бұған дейін бұл қызметті Арман Қырықбаев атқарған. Ол 2025 жылғы 24 ақпанда Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалған еді. 

2026 жылғы 3 қыркүйекте Арман Қырықбаев осы қызметтен босатылып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. 

Эльдар Толғанбаев бұған дейін Үкімет Аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар