$ 455.63 € 507.89 ₽ 5.65

Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Абдрахманов Мағжан
28 қазан 2026, 10:20
Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28-30 қазан күндері Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлады Ақорда.

Сапар барысында Анкарада Қазақстан мен Түркия басшылары келіссөз жүргізеді. Кездесуде екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.

Президенттің Түркияға сапары үш күнге, 28-30 қазан аралығына жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар