$ 455.63 € 507.89 ₽ 5.65

Стамбұлда қаза тапқан қазақстандықтың ісінде жаңа деректер белгілі болды

Абдрахманов Мағжан
28 қазан 2026, 10:42
Стамбұлда қаза тапқан қазақстандықтың ісінде жаңа деректер белгілі болды Сурет авторы: DHA

Стамбұлда шатырдан құлап мерт болған 26 жастағы Қазақстан азаматы Айсұлу Бекмаханованың өліміне байланысты күдікке ілінген екі адам сот бақылауымен босатылды. Оларға Түркиядан шығуға тыйым салынды, деп хабарлады жергілікті DHA агенттігі.

Бұған дейін полиция марқұммен бірге тұрған 22 жастағы Ресей азаматы Дарья Б. мен қыздың сүйіктісі делінген 35 жастағы Мазхар Т.-ны ұстаған болатын.

Тергеу материалдарына сәйкес, оқиға алдындағы бейнебақылау камераларына Айсұлудың сүйіктісінің үйіне барып, кейін өз пәтеріне қайта оралған сәті түсіп қалған. Бөлмелесі Дарьяның айтуынша, таңғы сағат 08:15 шамасында ол Айсұлудың шатыр шетінде отырғанын көріп, түсуін сұраған, алайда құрбысы «Мен осында отырамын, сен ұйықтай бер» деп жауап қатқан. Осыдан соң құрбысын суретке түсіріп бөлмесіне кеткен қыз кейінірек қатты шыққан музыкадан оянып, Айсұлудың төменде қозғалыссыз жатқанын көрген.

Алдын ала болжам бойынша, бойжеткен алтыншы қабаттағы балконнан көрші ғимараттың шатырына өткен кезде оның астындағы шатыр жабындысы сынып кеткен.

Қайғылы оқиға 25 қазанда Ыстанбұлдың Шишли ауданында болған. 26 жастағы қазақстандық қыз ғимарат шатырынан құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар