Өскемен ЖЭО-сы кеңейтіледі: жобаға 140 млрд теңге жұмсалады
Сурет авторы: ШҚО әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысында энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірнеше ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Негізгі міндеттердің қатарында Өскемен жылу электр орталығының қуатын арттыру, жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік және коммерциялық нысандарды жылумен қамту, сондай-ақ өңірдегі ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету бар.
Өскемен қаласындағы энергетикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажеттілігі облыс орталығы мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергияға деген сұранысының артуымен байланысты. Осы бағыттағы негізгі жобалардың бірі – Өскемен ЖЭО-ны кеңейту. Бұдан бөлек, өңір экономикасында маңызды орын алатын Өскемен титан-магний комбинатын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі де қарастырылып жатыр.
Биыл облыс орталығында Өскемен ЖЭО-ны кеңейтуге бағытталған үш жылдық жобаны іске асыру басталды. Оның жалпы құны 140 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында электр қуаты 100 МВт болатын жаңа турбоагрегат пен жылу қуаты сағатына 130 Гкал болатын қазандық агрегатын орнату көзделген.
Жаңа қуат көздерінің іске қосылуы қаланың жылу энергиясына деген өсіп келе жатқан қажеттілігін өтеуге және жаңадан салынатын нысандарды қолданыстағы жылу желілеріне қосуға мүмкіндік береді. Жобалық есеп бойынша, ЖЭО кеңейтілгеннен кейін қосымша 400-ден астам тұрғын үйді, сондай-ақ әлеуметтік және коммерциялық нысандарды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
Жобада қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға да назар аударылған. Атап айтқанда, заманауи шаң мен газды тазарту жүйелерін енгізу жоспарланып отыр. Есеп бойынша, жаңа технологияларды пайдалану атмосфераға таралатын үлестік шығарындылар көлемін 12,7%-ға азайтуға мүмкіндік береді.
ЖЭО-ны кеңейту жобасын іске асыру кезеңінде 560-қа дейін жұмыс орнын ашу көзделген. Құрылыс аяқталғаннан кейін оның 53-і тұрақты жұмыс орны ретінде сақталады. Құрылыс жұмыстарына негізінен қазақстандық мамандар тартылмақ.
Ал арнайы жабдықтарды монтаждау, іске қосу және баптау жұмыстарына оларды өндіруші кәсіпорындар мен мердігер ұйымдардың осы салаға маманданған қызметкерлері қатысады. Мамандар құрылыс жұмыстарының бекітілген кестесіне сәйкес кезең-кезеңімен тартылатын болады.
Өңір энергетикасындағы тағы бір маңызды мәселе – Өскемен титан-магний комбинатын тұрақты әрі жеткілікті көлемде электр энергиясымен қамтамасыз ету. Кәсіпорын титан кеуегін, титан құймаларын, қорытпалар мен тауарлық магний өндіреді. Комбинат өнімдері сыртқы нарықтарға экспортталып, оның ішінде авиағарыш өнеркәсібінде пайдаланылады.
Титан мен магний өндірісі электр энергиясын көп қажет етеді. Өндірістік үдерістің ерекшелігіне байланысты электр қуатының үздіксіз берілуі кәсіпорын жұмысы үшін айрықша маңызды. Комбинаттың мәліметінше, кейінгі жылдары электр энергиясы құнының өсуі шығарылатын өнімнің өзіндік құнына әсер етіп, кәсіпорынның одан әрі даму мүмкіндігін шектейтін факторлардың біріне айналған.
Соған қарамастан, кәсіпорынды технологиялық тұрғыдан жаңарту жұмыстары жалғасады. Өскемен титан-магний комбинатының 2023-2033 жылдарға арналған жаңғырту бағдарламасы аясында өндіріске жалпы көлемі 207 млрд теңге инвестиция салу жоспарланған. Бұл қаражат өндірістік қуатты жаңартуға, технологиялық үдерістерді жетілдіруге және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін сақтауға бағытталмақ.
Комбинатты тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету тетіктерінің бірі ретінде Өскемен су электр станциясының мүліктік кешенін кәсіпорынның еншілес компаниясы – «UKTMP Green Power» ЖШС-ға ұзақ мерзімге жалға беру мәселесі пысықталып жатыр. Қазір ұсынылып отырған жалдау мерзімі – 10 жыл. Сонымен бірге келісім мерзімін кейін ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.
Талқыланып жатқан талаптарға сәйкес, Өскемен СЭС-і өндірістік қызметкерлерінің қазіргі саны мен олардың жалақы деңгейі сақталуға тиіс. Бұл станция жұмысын тұрақты жалғастыруға және еңбек ұжымының әлеуметтік жағдайына әсер етпеуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, СЭС-тің инвестициялық бағдарламасын қаржыландыру міндетін жалға алушы тарапқа жүктеу ұсынылып отыр. Станция өндірген электр энергиясының комбинат қажеттілігінен артылған бөлігі Бірыңғай сатып алушыға сатылмақ. Осылайша станцияның өндірістік мүмкіндігін толық пайдалану және артық қуатты елдің энергетикалық жүйесіне бағыттау көзделеді.
Қазіргі уақытта мәміленің түпкілікті талаптары әлі келісіліп жатыр. Сондықтан Өскемен СЭС-ін ұзақ мерзімді жалға беру мәселесі бойынша соңғы шешім қабылданған жоқ. Тараптар техникалық, экономикалық және құқықтық талаптарды пысықтауды жалғастырып жатыр.
Өскемен ЖЭО-ны кеңейту мен титан-магний комбинатын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды жобалардың қатарында. Оларды іске асыру электр және жылу энергиясымен қамтудың сенімділігін арттыруға, өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді деп күтіледі.
Сонымен қатар ЖЭО-да жаңа қуаттардың іске қосылуы Өскемендегі құрылыс қарқынына байланысты өсіп келе жатқан жылу қажеттілігін өтеуге жол ашады. Нәтижесінде жаңадан салынған тұрғын үйлерді, әлеуметтік және коммерциялық нысандарды жылу желілеріне қосу мүмкіндігі кеңейіп, қаланың алдағы дамуына қажетті энергетикалық қор қалыптастыру көзделіп отыр.
Соңғы жаңалықтар
-
Магистратура мен докторантураға түсу: 28 қазанда өтініш қабылдау басталады
28 минут бұрын
-
Өскемен ЖЭО-сы кеңейтіледі: жобаға 140 млрд теңге жұмсалады
1 сағат бұрын
-
Саяхат кезіндегі уақыт белдеуінің ауысуы неге қауіпті
2 сағат бұрын
-
Соғысқа қарамастан: жарты жылда 122 мың қазақстандық Ресейге жұмыс істеуге барған
2 сағат бұрын
-
АҚШ-қа тікелей рейс ашу үшін Air Astana қандай талаптарды орындауы керек
4 сағат бұрын
-
Сатылымға шыққанына бірнеше күн ғана болған iPhone Duo экрандары сынып жатыр
4 сағат бұрын
-
Неге қазақстандық әйелдер бала тууды кейінге шегеріп жатыр – сауалнама
5 сағат бұрын
-
Миллиондап табыс табатын қазақстандықтар: Елімізде кімнің айлығы ең жоғары
5 сағат бұрын
-
Мектептерде 4 күндік оқу аптасы енгізілуі мүмкін бе: Қазақстандықтар жұманы демалыс ету идеясын қызу талқыланып жатыр
6 сағат бұрын
-
Microsoft жасанды интеллект үшін 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыстан кетуді ұсынды
7 сағат бұрын
-
Құпия деректері тарап кеткен: Швеция үкіметі шенеуніктерге ChatGPT мен Claude сервистеріне тыйым салды
7 сағат бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ҰЛЫЛАР ЕЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
1 күн бұрын
-
Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді
2 күн бұрын
-
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ МЕДИА: ШЫНАЙЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫ СӨЗ
2 күн бұрын
-
Тіс емдетуге барған үш жасар қыз жансақтау бөліміне түсті
2 күн бұрын
-
Атырауда шенеунік пәтерінен өлі табылды
2 күн бұрын
-
Республика күні қарсаңында Тарбағатайда бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді
3 күн бұрын
-
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫСТАДЫ
3 күн бұрын
-
Макрон шеруге шыққандарға қатаң шаралар қолданбақ
3 күн бұрын
-
Тоқаев: Кейбір әлеуметтік жеңілдіктер жымқыру негізінде беріліп жатыр
3 күн бұрын
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені екінші рет қатарынан төмендетті
3 күн бұрын
-
"Мұнайшыларды наразылыққа итермеледі": ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі үш жылға қысқаруы мүмкін
3 күн бұрын
-
Қашаған дауы: арбитраж Қазақстанның 12 млрд долларлық талабын қанағаттандырмады
3 күн бұрын
-
Үй сатып алмақ болғандарға ескерту: бірқатар қызмет бірнеше күнге тоқтайды
4 күн бұрын
-
Франция мен Италиядағы сценарий қайталануы мүмкін: Германия неден қауіптенеді
4 күн бұрын
-
Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
4 күн бұрын
-
Қазақстанда iPhone Duo ресми сатылымға шықты: бағасы қанша
4 күн бұрын
-
Астана, Алматы және Шымкенттен көшкендерге мемлекет ақша төлейді
4 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты тапсырма берді
5 күн бұрын
-
Қазақстанда қылмыс жасаған жасөспірімдердің әрбір екіншісі ауыр қылмысқа барған
5 күн бұрын
-
Отбасы банк комиссияны көтереді: Кімдерге әсер етеді?
5 күн бұрын
-
Ресейде соғысқа әкетілген қазақстандықтар елге орала бастады
5 күн бұрын
-
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 41 ауылға интернет тартылды
5 күн бұрын
-
Соғысты тоқтату келіссөзі қайта басталуы мүмкін: Ресей мен Украина АҚШ ұсынысын қолдады
5 күн бұрын
-
Ресей Қазақстанға кірудің жаңа тәртібіне қатысты түсініктеме сұрады: Сыртқы істер министрлігі жауап берді
5 күн бұрын
-
«Жәрдемақыдан бас тартуды ұсынды»: Түркістан облысының тұрғыны мамандардың үйіне келгенін айтты
5 күн бұрын
-
Жарты жыл оқу, жарты жыл қызмет: Қазақстандық сарбаздар жаңа жүйемен әскерге барады
5 күн бұрын
-
Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын жеке басқарушыларға сеніп тапсырды?
6 күн бұрын
-
Астанада печеньенің ішінен есірткі табылды
6 күн бұрын
-
Тоқаев мемлекеттік органдарды 16 жыл бойы бағалап келген жүйені жойды
6 күн бұрын
-
Дипфейк арқылы алматылық әйелдің атына төрт банк шоты ашылып, 36 млн теңге аударылған
6 күн бұрын
-
Зорлық болмай тұрып қауіп туралы белгі беріледі: Айжан Аймағанова жаңа жүйе ұсынды
6 күн бұрын
-
ШҚО-да 50 жылдан астам пайдаланылған ескі мектептің орнына жаңасы салынды
6 күн бұрын
-
Жаңа стадион салынған соң ескісі не болады? Алматылықтарды толғандырған сұраққа жауап
6 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап кімдерге атаулы әлеуметтік көмек берілмеуі мүмкін
6 күн бұрын
-
Астаналықтарды суық күнде кезекті сынақ күтіп тұр: Кімдер жылусыз қалады
6 күн бұрын
-
Бұрын-соңды болмаған «жаппай тазалау»: Трамптың екінші мерзімінде 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
6 күн бұрын
-
Мұнай бағасы қайтадан 110 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Еуропаның төрт ірі компаниясы Starlink-ке балама жасау үшін күш біріктірді
6 күн бұрын