$ 455.63 € 507.89 ₽ 5.65

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өседі

Абдрахманов Мағжан
28 қазан 2026, 12:21
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өседі Сурет авторы: shutterstock

Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеріледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке осындай тапсырма берді.

Мемлекет басшысының айтуынша, ең төменгі жалақы мөлшері алдағы уақытта да кезең-кезеңімен көбейтіледі.

«Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс», – деді Президент.

Тоқаевтың сөзінше, бұл шешім 1,8 миллион адамның табысын арттыруға ықпал етеді. Олардың қатарында бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкер бар.

Соңғы жаңалықтар