$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

Құпия деректері тарап кеткен: Швеция үкіметі шенеуніктерге ChatGPT мен Claude сервистеріне тыйым салды

Редакция
27 қазан 2026, 09:56
Құпия деректері тарап кеткен: Швеция үкіметі шенеуніктерге ChatGPT мен Claude сервистеріне тыйым салды Сурет авторы: depositphotos.com

Швеция үкіметі мен бірқатар мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа шектеулер енгізілді. Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс компьютерлерінде OpenAI компаниясының ChatGPT және Anthropic компаниясының Claude жасанды интеллект жүйелерінің браузерлік нұсқаларын пайдалануға тыйым салынды.

Шектеулер үкімет аппаратымен қатар Швецияның Салық басқармасы мен Ұлттық мәжбүрлеп ұстау басқармасына да қатысты жүктелді. Бұл шиеленісті шешімнің қабылдануына Швед транспорт басқармасында жүргізілген тексеріс нәтижелері себеп болған. Сарапшылар арнайы деректерді қорғау келісімінсіз құпия ақпаратты жүйеге енгізу оның сыртқа кетуіне және жасанды интеллект үлгілерін оқыту үшін сақталып қалуына әкелуі мүмкін екенін анықтады.

Швеция үкіметі кеңсесінің цифрландыру жөніндегі директоры Микаэль Веттеркранц реттелмейтін «көлеңкелі ИТ» платформаларын қолдану ұйымның ақпараттық қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретінін атап өтті.

Осыған байланысты мемлекеттік қызметкерлерге қауіпсіздік талаптарына сай келетін Microsoft Copilot жүйесін пайдалану ұсынылды. Ал ChatGPT пен Claude платформаларымен жұмыс істеу құқығы тек шектеулі мамандар тобына және швед билігі арнайы әзірлеген ЖИ-ассистенттер платформасы арқылы ғана беріледі.

Соңғы жаңалықтар