$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Абдрахманов Мағжан
27 қазан 2026, 18:22
Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлады Ақорда.

Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкімет пен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.

Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де басталады. Оны республикалық телеарналардан және Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көруге болады.

Соңғы жаңалықтар