$ 455.63 € 507.89 ₽ 5.65

Сабина Алтынбекова жас волейболшыны ұрған бапкерге қатысты пікір білдірді

Абдрахманов Мағжан
28 қазан 2026, 10:34
Сабина Алтынбекова жас волейболшыны ұрған бапкерге қатысты пікір білдірді Сурет авторы: instagram.com/altynbekova_20

Қазақстанның танымал волейболшысы Сабина Алтынбекова балалар бапкері Хамит Мырзабековтің шәкіртін ұрған әрекетінен кейін спорт саласын реформалауға және жаттықтырушыларды қатаң тексеруге шақырды. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, спортта физикалық және психологиялық зорлық-зомбылыққа, соның ішінде буллингке мүлдем жол берілмеуі керек. Спортшы волейболда кейбір жаттықтырушылар тарапынан қарапайым мәдениеттің сақталмайтынын, сол себепті бапкерлердің мінез-құлқы мен жұмыс әдістерін федерация жіті бақылауы қажет екенін атап өтті.

«Федерация әр жаттықтырушыны мұқият тексеруі керек деп ойлаймын. Көптеген командаларда психологты былай қойғанда, тіпті дәрігер де жоқ. Бұл оқиға – бүкіл жүйені қайта қарайтын кез келгенін білдіретін анық белгі!» – деп жазды Алтынбекова.

Еске сала кетейік, жарыста жеңіліп қалған қызды балалар бапкері Хамит Мырзабековтің соққыға жыққаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.

Соңғы жаңалықтар