$ 455.86 € 528.84 ₽ 5.25

Шетелде оқитын қазақстандық студенттер 15 қыркүйекке дейін декларация тапсыруы тиіс

Редакция
04 қыркүйек 2026, 15:17
Шетелде оқитын қазақстандық студенттер 15 қыркүйекке дейін декларация тапсыруы тиіс Сурет авторы: Kazinform/ ЖИ көмегімен жасалған

Шетелде білім алып жатқан студенттер күтпеген жерден салық органдарының назарына ілігуі мүмкін. Егер 2025 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шетелдік банктердегі жиынтық қаражатыңыз 3,9 миллион теңгеден (1000 АЕК) асып кетсе, биыл шұғыл түрде декларация тапсыруыңыз керек, деп хабарлайды ZTB. Оның ішіне барлық шоттағы қалдық — шәкіртақы, стипендиялық карталар мен жеке жинақтар түгел қосылып есептеледі.

Бұдан бөлек, шетелде атыңызда жылжымайтын мүлік, автокөлік, компаниядағы үлес, бағалы қағаздар немесе цифрлық активтер болса да декларация тапсыру міндетті. Ал егер өткен жылы 78,64 миллион теңгеден қымбат мүлік сатып алсаңыз, есеп беруден қашып құтыла алмайсыз. Алайда, алаңдауға негіз жоқ: тек шетелде оқудың өзі немесе шәкіртақы алу  қосымша міндеттеме тудырмайды. Декларацияны 2026 жылдың 15 қыркүйегіне дейін өткізіп, есептелген салық болса, оны 25 қыркүйекке дейін төлеп үлгеру қажет.

Соңғы жаңалықтар