$ 455.63 € 507.89 ₽ 5.65

«Өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай»: Тоқаев әлеуметтік көмек реформасы туралы айтты

Абдрахманов Мағжан
28 қазан 2026, 14:23
«Өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай»: Тоқаев әлеуметтік көмек реформасы туралы айтты Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмек тек шын мұқтаж адамдарға берілуге тиіс екенін айтып, әлеуметтік қолдау жүйесіндегі өзгерістерді асықпай, азаматтардың жағдайын ескере отырып жүргізуді тапсырды.

Мемлекет басшысы бұл мәселе қазір қоғамда қызу талқыланып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, кез келген реформа терең сарапталып, мұқият зерттелуге тиіс.

«Сондықтан бұл күрделі мәселені «өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай», байыппен, салмақты көзқараспен шешу қажет. Артық қыламын деп, тыртық қылуға мүлдем болмайды», – деді Тоқаев.

Президент әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері мен оған қатысты ақпараттық жүйелерді бірден бүкіл елге енгізбей, алдымен сынақтан өткізуді тапсырды. Жобалар тиімділігі расталғаннан кейін ғана кең ауқымда қолданылуға тиіс.

Тоқаев әлеуметтік мемлекеттің міндеті азаматтарды төлемдерге тәуелді ету емес екенін де айтты.

«Бұл, ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру деген сөз», – деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар