$ 455.63 € 507.89 ₽ 5.65

ҚазҰУ студенттері қараусыз қалған сөмкеге байланысты эвакуацияланды

Редакция
28 қазан 2026, 15:21
ҚазҰУ студенттері қараусыз қалған сөмкеге байланысты эвакуацияланды Сурет авторы: wikipedia

Әлеуметтік желілерде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде эвакуация жүргізілгені туралы ақпарат тарады. Желі қолданушылары оқу орнында жарылғыш зат болуы мүмкін екенін хабарлаған.

Полицияның мәліметінше, эвакуацияға қараусыз қалған сөмке себеп болған. Оқиға орнына жедел қызметтер дереу жетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында студенттер мен оқытушылар ғимараттан эвакуацияланды.

Тексеру барысында сөмкенің студенттердің біріне тиесілі екені анықталды. Оның ішінде оқу құралдары болған. Полицияның хабарлауынша, күдік тудырған зат ешқандай қауіп төндірмеген.

 

 Ислам Баман

Соңғы жаңалықтар