$ 507.8 € 580.82 ₽ 6.44

Мыңдаған жұмысшы айлар бойы жалақысын ала алмай жүр: жұмыс берушілерге айыппұл салынды

Дулат Абдраманов
10 маусым 2025 10:54 44
Елімізде соңғы жарты жыл ішінде 85 кәсіпорында 2 мыңнан астам қызметкерге 814 млн теңге көлемінде жалақы төленбегені анықталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Мыңдаған жұмысшы айлар бойы жалақысын ала алмай жүр: жұмыс берушілерге айыппұл салынды

Мемлекеттік еңбек инспекторларының мәліметінше, 1 маусымға дейін 2 381 тексеру жүргізіліп, 2 941 құқық бұзушылық тіркелген. Оның 2 428-і еңбек заңнамасына, 496-сы қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға, 17-сі жұмыспен қамту саласына қатысты болған.

Нәтижесінде жұмыс берушілерге 1 588 нұсқама беріліп, 194 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Министрліктің хабарлауынша, қабылданған шаралардың арқасында 1 900-ден астам қызметкердің құқығы қорғалып, оларға 677 млн теңге көлемінде кешіктірілген жалақысы өндіріп берілді.

Соңғы жаңалықтар