$ 448.44 € 514.81 ₽ 5.33

Айыппұлмен шектелмейді: жол ережесін жиі бұзғандарға жаза күшейтілмек

Абдрахманов Мағжан
22 қыркүйек 2026, 11:54
Айыппұлмен шектелмейді: жол ережесін жиі бұзғандарға жаза күшейтілмек Сурет авторы: kolesa.kz

Қазақстанда жол ережесін бірнеше рет немесе өрескел бұзған жүргізушілерге балдық жүйе енгізу пысықталып жатыр. Жаңа тәртіп бойынша айыппұлмен қатар жүргізуші куәлігінің қолданысын бір жылға дейін тоқтату көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жүйеде әрбір жол ережесін бұзу дерегі мен оның ауырлығы ескеріледі. Бұл шара айыппұлдарды елемей, жол ережесін қайта-қайта бұзатын жүргізушілерге бағытталған. Бұған дейін жүргізушілерді балдық жүйемен есепке алу жобасы Астана, Алматы және Шымкентте сынақтан өткізіліп жатқаны хабарланған.

«Қазіргі уақытта айыппұлды елемейтін өрескел құқық бұзушылар бар. Олармен күресу мақсатында балдық жүйені енгізуді пысықтаудамыз. Ол әрбір заң бұзушылықты және оның ауырлығын ескереді. Айыппұлмен қатар, бірнеше мәрте және ауыр бұзушылықтар үшін жүргізуші куәлігін бір жылға тоқтату көзделеді», – деді Ержан Сәденов.

Соңғы жаңалықтар