$ 507.8 € 580.82 ₽ 6.44

Маңғыстауда QazaqGaz Aimaq филиалы 3,6 млн теңгеге айыппұл төлейді

Дулат Абдраманов
09 маусым 2025 19:14 24
Маңғыстау облысындағы «QazaqGaz Aimaq» АҚ өндірістік филиалына 3,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.
Маңғыстауда QazaqGaz Aimaq филиалы 3,6 млн теңгеге айыппұл төлейді

Тексеру барысында дәнекерлеу-монтаж жұмыстарының көлемін бөлу кезінде кейбір ұйымдарға басымдық берілгені анықталған. Бұл – техникалық шарттарды алушылардың таңдау құқығын шектеп, нарықтағы бәсекелес компанияларға кедергі келтірген.

Филиал тергеу қорытындыларымен келіспей, сотқа жүгінгенімен, сот мемлекеттік органның ұстанымын қолдады. Айыппұл 1 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндірілді.

Компанияға бұзушылықтарды жою міндеті жүктелді. Талап орындалмаған жағдайда қосымша санкциялар қолданылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар