Құрылтай депутаттары ШҚО тұрғындарымен Президент Жолдауының басым бағыттарын талқылады

Редакция
06 қараша 2026, 13:17
Құрылтай депутаттары ШҚО тұрғындарымен Президент Жолдауының басым бағыттарын талқылады Сурет авторы: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында үкен серпіліс басталғалы тұр. Таяуда Глубокое ауданы мен Риддер қаласына арнайы келген Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері мен бірқатар вице-министрлер тұрғындармен кездесіп, өңірді дамытудың жаңа жоспарлары мен Президент Жолдауының негізгі бағыттарын жария етті.

Алдағы үш жылда әлеуметтік инфрақұрылымға астрономиялық сумма - 6,5 триллион теңге бағытталмақ. Осы қаржыға 70 денсаулық сақтау нысаны мен білім, мәдениет, спорт саласында 50 жаңа нысар бой көтереді.

Жергілікті тұрғындар тарапынан ең көп қойылған сұрақтың бірі - медициналық пункттердің тапшылығы мен кадр мәселесі болды. Депутат Жұлдыз Данбаева халықты қуантқан маңызды жаңалықты жеткізді: елдегі медицина қызметкерлерінің жалақысын 40 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жаңадан перинаталдық орталықтар мен заманауи ауруханалар салу қолға алынбақ.

Риддерліктерді толғандырған басты сауал - жылу электр орталығының жай-күйі мен жол қатынасы болды. Депутат Олжас Нуралдинов ЖЭО-ны жаңғырту жұмыстары жеделдейтінін және шағын мен микробизнес иелері үшін келесі жылдан бастап 3 жылдық мораторий енгізілетінін мәлімдеді. Ал Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Өскемен мен Риддер арасындағы жол қатынасы мәселесі бақылауға алынатынына уәде берді.

Шығыс Қазақстан бұрынғыдан да қуатты көлік, туристік және цифрлық хабқа айналмақ. Бұл сапар халық пен билік арасындағы ашық диалогты күшейтіп, өңірдің болашағына тың серпін берді.

Соңғы жаңалықтар