$ 455.63 € 507.89 ₽ 5.65

Астанада жалға алушы пәтерді босатуды сұраған үй иесін соққыға жыққан

Редакция
28 қазан 2026, 15:53
Астанада жалға алушы пәтерді босатуды сұраған үй иесін соққыға жыққан Сурет авторы: Zakon.kz

Астанада 22 жастағы жалға алушы пәтерді уақытында босатпаған. Осыған байланысты үй иесі екеуінің арасында жанжал туындаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда ер адамның балағат сөздер айтып, әйелге қарай ұмтылғаны көрінеді.

Астана қаласының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Тергеу мәліметінше, ол пәтер иесіне дене жарақатын салған.

Аталған факті бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, балағат сөздер айтқаны үшін сот ер адамға 30 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

 

Баман Ислам

Соңғы жаңалықтар