Қазақстан не себепті ядролық қарудан бас тартты?
1989 жылы Қазақстанда Семей атом полигоны жабылған. Осылайша Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту процесі басталды. Бүгінгі мақалада Қазақстанның екі бірдей алпауыт мемлекеттің ортасында тұрып, және де тәуелсіздігін енді алып жатқан кезде, әлемдегі ең қауіпті қарудан не үшін бас тартқанын қарастыратын боламыз.
Ядролық қарудан бас тарту тарихы
1992 жылдың 19 мамырында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан бас тарту жөнінде Лиссабон хаттамасына қол қойған.
Лиссабон хаттамасы – АҚШ пен КСРО арасындағы стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту және шектеу туралы шартты хаттама.
«Шартты іске асыру мақсатында Қазақстан өзіне мынадай міндеттемелерді алады: Қазақстан ядролық қарудың барлық түрлерін, оның ішінде аумағындағы стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарды жоюды, шабуыл қаруын азайту туралы шартқа сәйкес жеті жыл ішінде жүзеге асырады», – деп, президент Назарбаев шартты хаттамада сол кездегі АҚШ президенті Джордж Бушқа хат жазып, қол қойған.
Қазақстан жаппай қырып-жою қаруынан бас тартпас бұрын, ядролық арсенал бойынша әлемдегі төртінші ел, ал Семей полигоны дүние жүзіндегі ең ірі орталық болған.
«Біз тәуелсіз ел болып, мемлекеттігімізді нығайттық және ядролық қарудан бас тарттық. Сол арқылы халықаралық беделімізді арттырып, ядролық державалардан шабуыл жасамау кепілдігін алдық», – дейді экс-президент Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» атты отырысында.
1994 жылы Қазақстан, ядролық қаруды таратпау келісіміне қосылғаннан кейін Ресей, Ұлыбритания және АҚШ еліміздің қауіпсіздік кепілдері ретінде Меморандумға қол қойды. Кейіннен бұл келісімге Қытай мен Франция да кепіл ретінде қосылған.
Осылайша Қазақстан АҚШ-қа 24 ядролық бомбаның уранын сатқан. Бұл шамамен 600 келі болады. Одан кейін, 1995 жылы барлық ядролық қару және 1996 жылы стратегиялық бомбалаушы ұшақтар Ресейге шығарылған. Назарбаевтың айтуынша бұларды әскери техника мен ұшақтарға айырбастаған.
Қазақстанның халықаралық аренада беделі артты
«Ядролық қарудан бас тарту Қазақстанның саяси еркі болды, өйткені біз одан 40 жыл бойы азап шектік», – дейді бұрынғы ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, саясаттанушы Тимур Шаймергенов.
Ал, тағы бір саясаттанушы, Л.Н.Гумилев Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Эрзинжан Бинали Йылдырым университетінің шақырылған профессоры Айнұр Ноғаева, елдің жаппай қырып-жою қаруынан бас тартуына біріншіден, халықаралық беделі, екіншіден техникалық проблемалары басты себеп болғанын айтады. Яғни жаңадан құрылып жатқан мемлекетке халықаралық аренада өзіне құрмет көрсетіліп бағалануы, қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз етуі және де инвестиция тарту секілді басты мақсаттарды алға тартқан.
«Сонымен қатар ядролық қаруды сақтап қалу қосымша қаражат талап ететін жәйт болатын. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдарда Ислам әлемі ішінде ядролық қаруға ие жалғыз мемлекет еді. Сол кезде осы қаруды сақтап қалу үшін араб елдерінен миллиардтаған доллар ұсыныс түскені туралы кезінде сол келіссөздер жүргізген президент Назарбаев өзі де айтқан болатын. Алайда осыған қарамастан Қазақстан ядролық қарудан не үшін бас тартты десек, сол кезде бұл қадам изоляцияға алып келуі әбден мүмкін еді. Жаңа ел үшін халықаралық танылу, құрмет, инвестиция және қауіпсіздік мәселесі басым болды деуге болады», – дейді Айнұр Ноғаева.
Саясаттанушы сөзін жалғастырып, себебін айтып берді. Оның сөзі бойынша егер Қазақстан бұл жойқын күші бар қарудан бас тартпағанда, АҚШ-тың саясаты бойынша санкцияларына ұшырайтын еді. Өйткені Америка, мемлекеттердің ядролық қаруға айналу әрекеттерін жауапсыз қалдырмайтын еді деген пікірлер де айтылған. Ал Ресей, ол кезде барлық технология мен тозған әскери техниканы қайтадан шығару үдерісін қолында ұстап отырған ел болғандықтан, оған қайшы саясат жүргізу мүмкін емес еді.
90-шы жылдарда қарудан бас тарту тенденциясы көптеген елде болған. Тіпті бұрынғы КСРО-дан басқа елдерде де бұл үдеріс қарқынды жүрген.
Ядролық қарудан бас тартудың пайдасының бірі ретінде Айнұр Ноғаева, халықаралық саяси аренадағы еліміздің беделін сөз етті.
«Халықаралық аренадағы жауапты ойыншы ретінде Қазақстанның мәртебесі өте жоғары болды. Батыс еліндегі лауазымды тұлғалар мен журналистер үлкен жиын сайын осыны алға тартып келеді. Ядролық қарусыз инициативасы БҰҰ алаңында еліміздің абыройын асқақтатты. Бұл жағдай Ресей-Украина шиеленісіне дейін жалғасты деуге болады. 2022 жылдың ақпанынан кейін бұл мәселеге басқаша қарала бастағаны белгілі», – дейді профессор.
Саясаттанушы қазіргі таңда Қазақстанның жүргізіп келген көп векторлы саясатына жоғары баға берді. Себебі «Будапешт меморандумының* нәтижесіне қарағанда қол қойылған, жазылған құжаттар көбінесе қағазда қалады екен»,- деп мәлімдеді. Ол, әр ел өзін қорғау үшін қабілеті болуы керек немесе өзіне жақын елдермен достастығын нығайтуы тиіс дейді.
Будапешт меморандумы – Украинаның ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуына байланысты қауіпсіздік кепілдіктері туралы меморандум. 1994 жылы 5 желтоқсанда Украина, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ басшылары қол қойған.
ХХІ ғасырдағы ядролық қару қатері
Қазіргі таңда Ресей Украинаға соғыс ашқалы ойлағандарындай үлкен жетістікке жете алмады. Көптеген оккупациялаған жерлерінен шегінуіне тура келді. Украинаның сәтті қорғанып, әрі қарай қарсы шабуылға шыға алуының басты себептерінің бірі, Батыс елдері мен АҚШ-тың қаржылай және қару-жарақпен қамтамасыз еткен көмегі арқылы болды.
Осы сәттен бастап ресейлік тарап ядролық қаруды қолдану мәселесін жиі талқылап келеді. Тіпті «одақтас мемлекет» ұйымы арқылы Беларусь Республикасына өздерінің ядролық қаруын кіргізді. Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының стратегия, технология және қару-жарақты бақылау жөніндегі сарапшысы Уильям Альберт Ресей, Беларусь еліне кіргізген жаппай қырып-жою қаруын өз аумағынан басқара алатынын айтады. Бұл қарудың қуаты 100 килотоннадан асады. Яғни күші жағынан кезінде Хиросима мен Нагасакиге тасталған бомбалардан кемінде бес есе көп.
Айта кетейік, 28 мамырда Беларусь президенті Александр Лукашенко, ресейлік телеарнада Қазақстанды «одақтас мемлекет» ұйымына қосылып, ядролық қаруға ие болуға шақырды. Бұл ұсынысқа президент Қасым-Жомарт Тоқаев, 29 мамыр күні Солтүстік Қазақстандағы іс-сапары кезінде жауап берді.
«Жақында Беларусь Республикасының президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға «одақтас мемлекетке» кіруді ұсынды. Мен оның әзілін бағаладым. Менің ойымша, бұл қажет емес, өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге бұл қажет емес, өйткені біз ядролық қаруды таратпау туралы шартқа және ядролық қаруды сынақтан өткізуге тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар шеңберіндегі міндеттемелерге адал болып қала береміз», – деді мемлекет басшысы Тоқаев, ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесуі кезінде.
Қорытындылай келе, Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы арқылы оң шешімге келгенін байқадық. Тәуелсіздік алған уақытта бірден алпауыт мемлекеттердің санкциясы мен сынына ұшырамай, көптеген елге беделді болды. Тіпті келісімдерге қол қоюы арқылы бірнеше елден қауіпсіздік кепілдігін де алған. Ал, жоғарыдағы айтылған саясаттанушының пікіріне келер болсақ, келісім қағаз жүзінде қалып қалмас үшін жақында Тоқаев халықаралық шиеленістер кезінде Қытайдан кепілдік алғандай болды. Олай дейтін себебіміз 17 мамыр күні президент Тоқаев мемлекеттік сапармен Қытайға барды. Бұл сапардың нәтижесі бойынша құны 22 миллиард доллар болатын 47 құжатқа қол қойылды.
Соңғы жаңалықтар
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
13 сағат бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
1 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
1 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
1 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
1 күн бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
1 күн бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
1 күн бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
1 күн бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
2 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
2 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
2 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
3 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
3 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
3 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
3 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
3 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
3 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
4 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
4 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
4 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
4 күн бұрын