$ 457.99 € 534.15 ₽ 5.47

АИ-95 пен АИ-98 бензинінің сапасына шағым көбейді: министр тексеріс басталғанын айтты

Наурызбек Лесов
25 тамыз 2026, 14:38
АИ-95 пен АИ-98 бензинінің сапасына шағым көбейді: министр тексеріс басталғанын айтты Сурет авторы: Magnific

Энергетика министрлігі азаматтардың АИ-95 және АИ-98 бензиндерінің сапасына қатысты шағымдарынан хабардар. Қазір Павлодар мұнай-химия зауытында тексеріс жүріп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жанармай құю бекеттері бензин сапасына қатысты мәселені мұнай өңдеу зауытынан көрсе, зауыт өкілдері керісінше бекеттерге сілтейді.

«Кеше менің орынбасарым Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасарымен бірге Павлодарға жіберілді. Қазір олар Павлодар мұнай-химия зауытында жанармай сапасына қатысты талаптардың бұзылған-бұзылмағанын тексеріп жатыр», – деді Ақкенженов.

Министр мотор отынын өндіру кезінде белгілі бір ақау болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Оның нақты себебі тексеріс нәтижесінде анықталмақ.

Сонымен қатар Ақкенженов жүргізушілерден 10–12 күн күте тұруды сұрады. Оның сөзінше, жаңа бензин легі, соның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірілген жанармай қазір өңірлерге жеткізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар